19:51 22 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.87
  • EUR432.52
  • RUB6.11
Дәурен Абаев

Министр Абаев: Қазақстанда сөз бостандығы мүшкіл халде емес

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
47 0 0

Дәурен Абаев сөз бостандығы рейтингісі бойынша Қазақстаннан озатын елдерді зерделеп шыққанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстандағы сөз бостандығына баға берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр сөз бостандығы жеке-дара талқылауды қажет ететін жақсы тақырып екенін атап өтті. Абаев, ең алдымен, сөз бостандығы рейтингісіне тоқталды.

"Мен сөз бостандығы рейтингісі бойынша бізден озатын елдерді мұқият зерделеп шықтым. Көптеген елде журналистердің ізіне түсіп, құқықтары әжептәуір шектеледі. Ал Қазақстанда сөз бостандығы мүшкіл халде емес", - деді Абаев халыққа есеп беру кездесуінде.

Ол сөз бостандығын дамыту мәселесі жан-жақтылықты қажет ететінін атап өтті.

"Біз жағымды, заңнамалық дүниелерден бастауымыз керек. Бірақ бұл бағытта маңызды қадамдар жасалды. Ақпаратқа қолжетімділік туралы заң қабылданды", - деді ведомство басшысы.

Тағы оқыңыз: Назарбаева әділетсіздікті көрсе араласатынын айтты

Министр журналистерге ешкім жоғарыдан өзін қалай ұстап, не жазып, не сөйлеу керектігін үйретпейтініне сендірді.

Тақырып бойынша

Екі қаладағы митингілер кезінде 9 журналист ұсталды - ІІМ
Тоқаев желіні бұғаттауға қатысты: хабарсыз болдым
Қазақстанда журналистердің мәртебесі туралы заң қабылдануы мүмкін
Тоқаев Қазақстанда тағы бір мерекені бекітуге тапсырма берді
Лауазым иелерінің қызметін сынауға кез келген азаматтың құқығы бар - депутат
Кілт сөздер:
сөз бостандығы, Қазақстан, Дәурен Абаев
Загрузка...

Басты тақырып