19:40 22 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.87
  • EUR432.52
  • RUB6.11
мәжіліс депутаттары

Мәжіліс депутаттары демалысын кейінге қалдырды

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
449 0 0

Парламент депутаттары бірінші шілдеден каникулға кетуі тиіс еді

НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым – Sputnik. Төменгі палата депутаттары биыл демалысқа әдеттегідей маусым айының соңында емес, 10 шілдеден кейін шығады. Бұл туралы депутат Василий Олейник айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, мәжіліс маңызды заң жобаларын қарау үшін сессияны 10 шілдеге дейін ұзартқан.

"Біз сессияны 10 шілдеге дейін создық. Жұмыс істейміз. Қабылдайтын көптеген заң жобасы бар, сондықтан сессия ұзартылды", - деді Олейник БАҚ өкілдеріне.

Демалыстың алдында қаралатын маңызды құжаттардың арасында мемлекеттік қызметтер туралы заң жобасы бар.

Сонымен қатар, депутаттар әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекске өзгерістер енгізуді де жоспарлап отыр.

"Сіздер білесіздер, мен заңнама жән сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесімін. Біз жуырда Ақтауда сот-құқық жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша көшпелі отырыс өткіздік. Бірқатар заңнама түсті, атап айтсақ, әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекс те бар. Жұмыс өте көп," – деді депутат.

Олейниктің айтуынша, 10 шілдеден кейін депутаттар сайлаушылармен кездесу үшін өңірлерге аттанады.

Тағы оқыңыз: Нығматулин қарсы дауыс берген депутат жайлы пікір білдірді

Тақырып бойынша

Нұр-Сұлтан: елордалық депутаттар қала атауын өзгертуді қолдады
Депутаттар "Мәңгілік ел" қақпасын жөндеуге 600 млн теңге жұмсауды ұсынды
Депутаттар спортшыларды тестілеуден босатуды сұрап отыр
Қайрат Нұртасқа депутаттар атақ берді: ол енді қоғамдық көлікте тегін жүреді
"Зейнет жасын төмендету керек": депутаттар тың ұсыныс жасады
Кілт сөздер:
депутат, Мәжіліс
Загрузка...

Басты тақырып