08:00 19 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
Жедел жәрдем көлігі

Депутат жедел жәрдем бригадасына рецепт жазып беруге рұқсат етуді ұсынды

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
40 0 0

Жанат Омарбекова әлемдік тәжірибеде дәріні рецептісіз сатуға үзілді-кесілді тыйым салынғанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым – Sputnik. Мәжіліс депутаттары жедел жәрдем бригадасына рецепт жазып беруге рұқсат етуді ұсынып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжіліс депутаты Жанат Омарбекова денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа жолдаған депутаттық сауалында дәрі-дәрмек мәселесін көтерді.

Депутат дәріханаларда дәрі-дәрмектің тек қана рецепті бойынша берілуін қолдап отыр. Айтуынша, халық көп жағдайда дәрігерлердің көмегіне жүгінбей, өздері емделгенді құп көреді. Бірақ мұның салдары өте ауыр болуы мүмкін дейді ол.

"Өкінішке қарай, адамдар ауру белгілері байқала бастаған кезде, учаскелік дәрігерге емес, дәріханаға жүгіреді. Әлемдік тәжірибеде дәріні рецептісіз сатуға үзілді-кесілді тыйым салынған. Бұл тұрғыдан препараттарды сатуға бақылауды күшейткен жөн, әрине", - деді Омарбекова мәжілістің жалпы отырысында.

Десек те, ол денсаулық сақтау министрлігіне шұғыл жағдайларда жүгінген азаматтарға рецепт жазып беру тетігін әзірлеуді ұсынды.

"Жедел жәрдем бригадаларына рецепті жазып беруге рұқсат етіп, кейін пациенттің жүгінгені туралы учаскелік дәрігерге хабар беру қажет деп санаймыз", - деді депутат.

Тақырып бойынша

Дәрі-дәрмекті рецептісіз сатқан дәріханаларға айыппұл салынады
Тегін дәрі-дәрмек: қайдан және қалай алуға болады
Қазақстандықтарға арналған инсулинді Өзбекстанға заңсыз жеткізгендер анықталды
"Ұйықтай алмаймыз": зейнеткер министрден жедел жәрдем сиренасын азайтуды сұрады
Ішінде кене құжынаған нанды жеп қойған әйел ажал аузынан қалды
Кілт сөздер:
рұқсат, жедел жәрдем, депутат
Загрузка...

Басты тақырып