21:17 17 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.07
  • EUR427.54
  • RUB6.08
Құжаттар, архивтегі фото

Оралман мәртебесін беру тәртібі өзгереді – министрлік мән-жайды түсіндірді

© Sputnik / Рамиль Ситдиков
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
155 0 0

Парламент мәжілісінде көші-қон процестерін реттеу мәселелеріне қатысты заң жобасы таныстырылды

НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі оралман мәртебесін беру тәртібін өзгертудің негізгі себептерін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Вице-министр Ахмади Сарбасовтың айтуынша, бүгінде заң бойынша этникалық қазақтар оралман мәртебесін алу үшін Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін шет мемлекеттің аумағында тұрғанын құжатпен растауы қажет. Ал 1991 жылдан кейін туған этникалық қазақтар ондай құжаттарды бере алмайды.

"Осыған байланысты, "оралман" ұғымын жаңа редакцияда жазу ұсынылады. Оған сәйкес, этникалық қазақ бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмауы негізгі критерий болады. Екіншіден, Қазақстанда уақытша және тұрақты тұруға рұқсат берудің қазіргі тәртібіне сәйкес, этникалық қазақтар алдымен ықтиярхат алуға, содан кейін жеңілдетілген тәртіппен азаматтық алу үшін ішкі істер органдарына жүгінеді",- деді Сарбасов Мәжілісте өткен жиында.  

Осыған орай, оралмандарға қолайлы жағдай жасау үшін, сондай-ақ, өткізілетін құжаттардың қайталануына байланысты тұрақты тұру рұқсаты мен  Қазақстан азаматтығын бір мезгілде беру мүмкіндігі ұсынылып отыр.

Бұдан бөлек, оралмандар үшін бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарының функцияларын кеңейту жоспарланып отыр.  Қазіргі кезде ондай орталықтар Қарағанды мен Шымкент қалаларында, сондай-ақ, Түркістан облысы Ақсукент ауылында бар. Ал оралмандар жиі қоныс аударатын Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстарында әлі ашылмаған.

Тағы оқыңыз: Қазақстанға оралған қандастардың еңбек өтілі зейнетке шыққанда есепке алынады

"Төртіншіден, бүгінгі күні қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге азаматтардан өтініштер қабылдау құзыреті жергілікті атқарушы органдарға, атап айтқанда, жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармаларына жүктелген. Бірақ іс жүзінде барлық қоныс аударушы жұмыспен қамту орталықтарына өтініш білдіреді. Сондықтан осы құзыретті жұмыспен қамту орталықтарына заңды түрде бекіту ұсынылады", - деп атап көрсетті Сарбасов.

Айта кетейік, бүгін парламент мәжілісінде "Қазақстан Республикасының көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы таныстырылды.

Тақырып бойынша

Әбдірахманов Қытайда қысым көріп жатқан қазақтар туралы айтты
Оралман мәртебесінің мерзімі ұзартылмақ
Моңғолиядағы қазақтар да алаңдап отыр – қандас ақын
Шетелдік күйеу балаға 50 мың доллар қалыңмал төлету ұсынылды
Қазақстанда оралмандар үшін азаматтық алу жеңілдейді
2019 жылы оралмандарды қабылдауға қанша квота бөлінгені белгілі болды
Зейнеткерлер мен оралмандар тегін баспана алушылар тізімінен алынып тасталады
Кілт сөздер:
оралман мәртебесі
Загрузка...

Басты тақырып