Қоғам

Бес миллионнан астам қазақстандықтың айыппұлы мен өсімпұлы кешіріледі

© Sputnik / Владислав ВодневТеңге, архивтегі сурет
Теңге, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кепілсіз тұтынушылық кредиттер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдардың жалпы сомасы 48 миллиард теңгеге жуық

НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Кепілсіз тұтынушылық кредиті бар 5 миллионнан астам азаматтың айыппұлдары мен өсімпұлдары есептен шығарылады. Бұл туралы бүгін премьер-министрдің бірінші орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарында кепілсіз тұтынушылық кредиті бар 5 миллионнан аса адамның айыппұлдары мен өсімпұлдары кешірілетінін атап өтті.

"Бес миллион адамда кепілсіз тұтынушылық кредиттер бойынша айыппұл мен өсімпұл бар. Бұл шамамен 48 миллиард теңге. Осы айыппұлдар мен өсімпұлдар өтеледі", - деді Смайылов үкіметте өткен баспасөз мәслихатынан кейін.

Оның айтуынша, айыппұлдар мен өсімпұлдарды Проблемалық кредиттер қоры дисконт бойынша сатып алады.

Айыппұлдар мен өсімпұлдар негізгі борыштың төленіп-төленбегеніне қарамастан өтеледі.

Тағы оқыңыз: Тоқаевтың жарлығы: кредит қалай және қашан өтеледі

Сондай-ақ, әлеуметтік тұрмысы төмен топтағы азаматтардың кепілсіз тұтынушылық кредиті өтеледі.

Ол үшін кредиттің жалпы сомасы 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 3 миллион теңгеден аспауы керек. Сол кезде мемлекет бір адамның 300 мың теңге мөлшеріндегі қарызын жауып береді.

Әлеуметтік топқа кіретіндер:

  • көпбалалы отбасылар;
  • асыраушысынан айырылуына байланысты төлем алатын отбасылар;
  • мүгедек балалары бар, 18-ден асқан бала жасынан мүгедектер бар отбасылар;
  • атаулы әлеуметтік көмек алатындар;
  • жетім балалар;
  • ата-анасынан кәмелеттік жасқа дейін айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар.
Жаңалықтар
0