14:23 03 Сәуір 2020
Тікелей эфир
  • USD447.60
  • EUR489.41
  • RUB5.71
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
204 0 0

Оралмандарға арналған бейімдеу орталықтарының жұмысына бірқатар өзгеріс енгізілуі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының төрайымы Зәуреш Батталова көші-қонды реттеуге қатысты бірнеше ұсыныс жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның ойынша, жаңа заңның аясында шетелден келетін отандастарымызға нақты талап қою қажет. Сонда олар екі жақта жүре алмайды.

"Бүгінде уақытша тұру куәлігі мен азаматтықты алу мерзімі үш айға қысқарады деп жатырмыз. Негізі, келген азамат не уақытша тұру куәлігін, не болмаса азаматтықты аламын деген нақты шешім қабылдауы қажет. Неге десеңіз, кейбіреулер келеді де уақытша куәлікті алады. Сонымен жүре береді, туып өскен мемлекетіне де барады. Әлгі "хорошее дитя у двух маток сосет" дегендей, сондай жағдайды да көріп жатырмыз. Оны тоқтату керек", - деді Батталова мәжілісте өткен жиында.

Қор басшысы оралмандарды бейімдеу орталықтарын салудың қажеті жоқ деп санайды. Ол нысандарға кеткен ақшаға отандастарымыздың баспана мәселесін шешуге болады.

"Қазақстанға келетін қазақтарға қандай тілдік адаптация керек? Керісінше, олар бізді қазақшаға үйретуі керек. Сондықтан арнайы бейімдеу орталықтарына орналастырудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Меніңше, ондай орталықтардың құрылысын тоқтату қажет. Сол ақшаға әлеуметтік баспана салып, тым болмаса, оралмандарға арендалық пәтер ретінде таратуға болады. Сонда олардың мәселесі шешіледі. Бізге келетін оралмандардың негізгі мәселесі сол. Мәселен, Моңғолияның қазақтары мал өсіруді жақсы біледі. Сондай жағдай жасау қажет", - деп атап көрсетті Батталова.

Тағы оқыңыз: Оралман мәртебесін беру тәртібі өзгереді 

Ал журналистерге сұқбат берген еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ерлан Райғаниев солтүстік аймақтарда қосымша бес орталықтың салынатынын жеткізді. Оның сөзіне қарағанда, бұл орталықтарға қатысты бір проблема бар. 

"Иә, ондай проблема бар, кейбір оралмандар бейімдеу орталығына қоныстанады да, шыққысы келмейді. Осыған байланысты біз бірқатар өзгерістер енгізіп, тиісті норманы алып тастауды көздеп отырмыз. Сонда олар белгілі бір уақыттың ішінде шығуға міндетті болады", - деді Райғаниев.

Тақырып бойынша

Оңтүстік Қазақстанда жүздеген оралман картада жоқ ауылда тұрып жатыр
Қазақстанда оралмандар үшін азаматтық алу жеңілдейді
Зейнеткерлер мен оралмандар тегін баспана алушылар тізімінен алынып тасталады
Жүзге жуық оралманға азаматтық берілмей жатыр – вице-министр себебін айтты
Қытайдағы қазақ мәселесі: жанашыр азаматтар қандай қиындыққа тап болғанын айтты
Кілт сөздер:
оралмандар
Загрузка...

Басты тақырып