10:48 17 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD385.16
  • EUR425.95
  • RUB6.01
Бақытжан Сағынтаев

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың алдында қандай міндеттер тұр?

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
312 0 0

Асқар Мамин Бақытжан Сағынтаевтың жауапты басшылық қызметтердегі мол тәжірибесін атап өтіп, Алматы әкімі ретінде алға қойған міндеттерді орындайтынына сенім білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Алматы қаласының жаңа әкімін таныстырды, деп хабарлайды үкімет басшысының ресми сайты.

Асқар Мамин президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Алматыға барған еді, сапар кезінде қала мәслихатының кезектен тыс отырысына қатысты.

Премьер-министр мәслихат депутаттарына мемлекет басшысының қала әкімі қызметіне Бақытжан Сағынтаевты тағайындау туралы хатын оқып берген. Депутаттар ұсынылған кандидатураны бірауыздан мақұлдапты.

Тағы оқыңыз: Алматы қаласының әкімі ауысты

Сонымен бірге Мамин қала активімен кездесу өткізді. Үкімет басшысы Бауыржан Байбекке төрт жылдай әкім қызметінде қаланың дамуына қосқан зор үлесі үшін алғыс білдірді. 

"Бауыржан Байбектің басшылығымен Алматы қаласында үлкен әлеуметтік-экономикалық, инфрақұрылымдық реформалар, туризм саласындағы жобалар жүзеге асты. Бұл қаланың дамуына серпін берді", — деп Мамин бұрынғы әкімнің жұмысына баға берді.

Оңтүстік астананың жаңа әкімін таныстыру кезінде премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың жауапты басшылық қызметтердегі мол тәжірибесін атап өтті.

"Бақытжан Әбдірұлы – тәжірибесі мол, кәсіби басшы. Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы, мемлекеттік хатшы, премьер–министр, премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметінде еліміздің дамуына зор үлес қосты", — деді Асқар Мамин.

Бақытжан Сағынтаев сонымен қатар Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Павлодар облысының әкімі, экономикалық даму және сауда министрі қызметтерін атқарған болатын.

Тағы оқыңыз: Алматының жаңа әкімі Бақытжан Сағынтаев туралы қызықты деректер

Үкімет басшысы президенттің Алматы қаласы басшылығына ауқымды міндеттер тапсырып отырғанын атап өтті.

"Халықтың әлеуметтік жағдайын, тұрмыс сапасын жақсартуға баса көңіл бөлу қажет. Қала экономикасының және инфрақұрылымының одан әрі дамуын қамтамасыз ету қажет", —  деді Асқар Мамин.

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың Алматы қаласын дамыту бойынша Елбасы айтқан барлық стратегиялық міндетті тиімді орындайтынына және Алматыға жұмыс сапары барысында мемлекет басшысы Тоқаев берген тапсырмаларды нақты шешетініне сенім білдірді.

Кілт сөздер:
Алматы, Бақытжан Сағынтаев, Асқар Мамин
Загрузка...

Басты тақырып