06:03 16 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD383.43
  • EUR432.47
  • RUB6.12
Аким Алматы Бауыржан Байбек во время XI зимнего благотворительного бала

Бауыржан Байбек жаңа қызметке тағайындалды

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
3948 0 0

Бауыржан Байбек бұдан бұрын Алматы әкімі қызметінен босатылған еді

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым - Sputnik. Бауыржан Байбек Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғали.

Оған дейін Бауыржан Байбек төрт жылдай Алматы әкімі қызметін атқарған болатын.

Бауыржан Байбек туралы не білеміз

Бауыржан Байбек 1974 жылы 19 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген.

1994 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша Германияға оқуға кетеді, онда бір жылдай Бремен қаласындағы Гете институтында неміс тілін оқиды. Одан соң Любек қаласындағы Жоғары музыкалық мектепте үш жыл оқиды. 2002 жылы Орталық Азия университетінің халықаралық экономист мамандығы бойынша диплом алады. Саясат ғылымдарының кандидаты.

Әр жылдары Қазақстан президенті әкімшілігінде, Nur Otan партиясында әртүрлі қызмет атқарған. 2015 жылдың тамызынан бастап Алматы қаласы әкімі болды.

Бауыржан Байбек үйленген, бес баласы бар: Iнжу мен  Жарқынай, Нұрмұхамед, Нұрдәулет және Нұржiгiт.

Кілт сөздер:
Бауыржан Байбек
Загрузка...

Басты тақырып