06:43 26 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
ҰБТ 2019

ҰБТ-2019: тест тапсырушылардан 90 мыңнан астам телефон алынды

© Sputnik / Абзал Калиев.
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
ҰБТ - 2019 (32)
168 0 0

Ұлттық тестілеу орталығының басшысы түлектерден алынған телефон мен шпаргалкалардың фотосын жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде — Sputnik. Ұлттық бірыңғай тест тапсырған түлектерден 90 мыңнан астам телефон мен 2 мыңға жуық шпаргалка алынған. Бұл туралы ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы Дидар Смағұлов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ол Facebook-тегі жеке парақшасында ҰБТ кезінде түлектерден қаншы тыйым салынған зат анықталғанын хабарлаған.

"Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде 90 375 ұялы телефон, 28 344 калькулятор және 1 867 шпаргалка алынды. Құрметті ата-аналар мен мұғалімдер, балаларды әділ бәсекелестік пен білім алуға дайындайықшы. Жүйені алдауға үйрету керек емес. Бұл жолдың болашағы жоқ", - деп жазды Смағұлов әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.

Осыған дейін Қазақстанның білім және ғылым министрлігі ҰБТ кезінде түлектерден тыйым салынған заттар: ұялы телефон мен шпаргалка анықталған кезде олардың тестілеуден шығарылмағанын хабарлаған.

Тағы оқыңыз: "Намысыма тиеді": тестілеу орталығының жаңа басшысына қандай өтініштер түсіп жатыр?

Кейін министрлік тәртіпті бұзғаны үшін 4 түлектің тестілеуден шығарылғанын мәлімдеді.

Елімізде ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусымнан 30 маусым аралығында өтті.

Тестілеудің қорытындысын:

Тақырып:
ҰБТ - 2019 (32)

Тақырып бойынша

"Құпия емес": сарыағаштық түлек ҰБТ-да 140 ұпайды қалай жинағанын айтты
ҰБТ қажет пе, жоқ па? Білім министрі көптің көкейіндегі сұраққа нүкте қойды
ҰБТ - 2019: төрт түлекті аудиториядан неге қуып жіберді?
Тест бойынша дайындалуға болмайды: ҰБТ-ны сәтті тапсыру жолдары қандай
"Қатты қиналды": Мұғалімдер Арыста жас әйелді қалай босандырып алғанын айтты
Кілт сөздер:
тест
Загрузка...

Басты тақырып