00:08 22 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
Ресей Қазақстандағы полигонда жаңа зымыранды сынақтан өткізді

Ресей Қазақстандағы полигонда жаңа зымыранды сынақтан өткізді – видео

© Photo : Минобороны РФ
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
111 0 0

ЗҚЖ жүйесінің жаңа зымыраны бірнеше рет сынақтан өткізілгеннен кейін сипаттамасында көрсетілген мәліметтерді растады

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде — Sputnik. Ресей Федерациясының әуе-ғарыш күштері Қазақстанның Сары-Шаған полигонында зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің (ЗҚЖ) жаңа зымыранын сәтті сынақтан өткізді.

Сары-Шаған сынақ полигонында әуе-ғарыш күштері әуе шабуылына және зымыранға қарсы қорғаныс әскерінің жауынгерлік есептобы ресейлік зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің (ЗҚЖ) жаңа зымыранын кезекті сынауды сәтті аяқтады, деп хабарлады РФ қорғаныс министрлігінің ресми порталы.

Зымыранды ұшыру сынағының видеосы Ресей қорғаныс министрлігінің YouTube-тегі аккаунтында жарияланды.

Әуе-ғарыш күштері әуе шабуылына және зымыранға қарсы қорғаныс әскерінің қолбасшылық өкілі Павел Кузьмин шара барысында "ЗҚЖ жүйесінің жаңа зымыраны бірнеше рет сынақтан өткізілгеннен кейін сипаттамасында көрсетілген мәліметтерді растағанын және жүктелген міндетті сәтті орындағанын" атап өтті.

ЗҚЖ жүйесі әуе-ғарыш шабуылы құралдарының соққысынан қорғану мақсатында жасалды.

Естеріңізге сала кетейік, бұл бір жазда Сары-Шаған сынақ полигонында Ресей қорғаныс министрлігі өткізген ЗҚЖ жүйесінің  екінші зымыран сынағы.

Тақырып бойынша

"Протон-М" әскери серігімен бірге Байқоңырдан ұшырылды
Қазақстан Солтүстік Кореяның әрекетін қатаң айыптады
Қазақстан Корей республикасының зымыран ұшыруына байланысты мәлімдеме жасады
Қазақстан мен Ресей бірігіп зымыран жасап шығармақ
Қазақстанда "Союз-2" зымыранының бөлшектері қайда құлайтыны анықталды
Кілт сөздер:
Ресей, зымыран, видео, полигон
Загрузка...

Басты тақырып