22:31 19 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

Оқуға түсе алмаған талапкерлерге қосымша 5 мың грант бөлінеді

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2558142

Биыл көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан түлектер грантқа түсу үшін екінші рет конкурсқа қатыса алады

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қосымша гранттардың қалай таратылатынын айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Минстрдің айтуынша, биыл қосымша 5 мың грант көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға беріледі. Гранттардың қаражаты трансфер арқылы жергілікті әкімдіктерге аударылады. Атқарушы органдар өз кезегінде өңірдің қажеттілігін ескере отырып, нақты мамандықтардың тізбесін жасайды. Одан кейін конкурс негізінде гранттарды таратады.

Тағы оқыңыз: Мұғалімдерді аттестациядан өткізу: министр жүйенің қалай өзгергенін айтты

"Конкурсқа қатысу үшін талапкер ұлттық бірыңғай тестілеудің шекті балын жинауы қажет. Жалпы, осы грантқа ие болу үшін үміткерлер, ең алдымен, жылдағыдай негізгі 53 785 грантқа 21-31 шілде аралығында республикалық конкурсқа қатысып, бағын сынайды. Ал сол жалпы конкурс бойынша грантқа ие болмаған көпбалалы отбасыдан шыққан және атаулы әлеуметтік көмек алушылар санатындағы талапкерлер қосымша берілген жаңағы 5 мың грантты алу үшін тамыз айының 5-10 аралығында келесі конкурсқа қатысуға жергілікті атқарушы органдарға өтініш бере алады", - деді Аймағамбетов.

Оның сөзіне қарағанда, қосымша гранттар ҰБТ-ның ұпай санына қарай тағайындалады. Ал жеңімпаздардың тізімі жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Тағы оқыңыз: Жаңа білім министрі студенттердің шәкіртақысы қаншаға өсетінін айтты

"Осы грант иегерлеріне әдеттегідей 20 949 теңге көлемінде стипендия тағайындалады. Сонымен қатар, демалыс кезінде жылына екі рет жол жүру өтемақысы төленеді", - деп атап өтті министр.

Кілт сөздер:
грант, Білім және ғылым министрлігі, Асхат Аймағамбетов
Загрузка...

Басты тақырып