01:43 24 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Данияр Ақышев

Данияр Ақышевтің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны рас па?

© Sputnik / Тимур Батыршин
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1146 0 0

Тұңғыш президенттің баспасөз қызметі Данияр Ақышевтің жұмыс орнында екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Қазақстан тұңғыш президентінің баспасөз қызметі Елбасының көмекшісі, Ұлттық банктің бұрынғы басшысы Данияр Ақышевқа қарсы қылмыстық іс қозғалғаны туралы қауесетті жоққа шығарды.

"Данияр Ақышев – жұмыс орнында, мен оны өз көзіммен көрдім. Қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат бізге келіп түскен жоқ", - деді Қазақстан тұңғыш президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Sputnik Қазақстанға.

Бұған дейін БАҚ-та Ақышевтің үстінен БЖЗҚ-ның Лондон биржасында сатып алған "Қазатомөнеркәсіп" акцияларына қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тараған еді.

Данияр Ақышев Ұлттық банкті 2015 жылдың қарашасынан 2019 жылдың ақпанына дейін басқарды.

Кейін ол Қазақстан президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.

2019 жылдың 9 сәуірінен – Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасының көмекшісі.

Кілт сөздер:
Ұлттық банк, Назарбаев, Данияр Ақышев
Загрузка...

Басты тақырып