02:12 24 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88

Ащы тағам пайдалы ма, зиян ба – дәрігерлер жауап берді

Sputnik
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
633010

Ғалымдардың зерттеуіне сәйкес, ащы тағам ас қорытуды жақсартып, артық салмақпен күресуге көмектеседі

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Дәрігерлер бірқатар зерттеу жүргізіп, соның негізінде ащы тағамның денсаулыққа пайдасы туралы айтты. Ащы тағам қан айналымын жақсартып, нәтижесінде қан қысымы қалпына келеді, тамырлар кеңейеді. Оның үстіне, адреналин бөлініп, адамның жұмысқа құлшынысы артады, көңіл-күйі жақсарады.

Кез келген бұрыштың құрамында дәрумендер мен минералдар бар. Әсіресе А және С дәрумендері мол, олар иммунитетке жақсы әсер етіп, вирус және бактериялармен күресуге көмектеседі. Ащы тағам адамның ыстығы көтерілгенде, бойындағы әлсіздікті басып, терлетеді. Сонымен бірге қақырық бөліп, мұрынның бітелуін басады.

Тағы оқыңыз: Жұмыртқаны көп жеген пайдалы ма, зиян ба?

Ас қорытуды жақсартатын ащы тағам артық салмақпен күресуде де таптырмас ас. Ащы азық-түлік құрамындағы капсаицин зат алмасуды күшейтіп, майды кетіреді. АҚШ-тың Пердью университетінің ғалымдары 2011 жылы зерттеу жүргізіп, соны дәлелдеді.

"Дәл сол себепті ащы тағам жегенде ыстықтап кетеміз. Кей деректер капсаициннің ағзадағы калорияны жоятынын дәлелдеді", - дейді Питтсбург университетінің психиатрия және гастроэнтерология кафедрасының доценті Грегори Торкельсон.

Бұдан бөлек, ащы тағам адамның бойын еркін ұстауына көмектесіп, ұйқысыздықтан арылтады. Сонымен бірге ағзадағы ләззат алу гормондары – серотонин мен эндорфиннің бөлінуіне ықпал етеді.

Тағы оқыңыз: Сарымсақтың пайдасы туралы не білеміз?

Дегенмен, дәрігерлердің сөзіне сүйенсек, ащы тағамның кері әсері де болуы мүмкін. Сол себепті қолданар алдында немесе қандай да бір сырқатыңыз болса, маманның кеңесіне жүгінгеніңіз абзал.

Тақырып бойынша

Қатерлі ісіктің өсуін тоқтатады: ғалымдар көкөністің пайдасын дәлелдеді
Жеміс шырынын көп ішсе, не болады – ғалымдар күтпеген жаңалық ашты
У ішкенмен бірдей: ғалымдар ерте өлімге әкеп соғатын азық-түлікті атады
Адамды есінен айыруы мүмкін: Адыраспан туралы не білеміз?
Жеуге болмайды – ғалымдар миды зақымдайтын тағамды атады
Кілт сөздер:
ғалымдар, артық салмақ, дәрігерлер
Загрузка...

Басты тақырып