09:20 23 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.04
  • EUR427.77
  • RUB5.88
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

"Елбасының теңдессіз ерлігі": Тоқаев Елорда күнімен құттықтады

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Астана күні (9)
262 0 0

Президент елорданың өркендеуі Нұрсұлтан Назарбаев пен барша Қазақстан халқының еңбегі екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Қазақстан gрезиденті Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықты Астана күнімен құттықтады. Мемлекет басшысының құттықтауы Ақорда сайтында жарияланған.

"Құрметті отандастар! Қадірлі елорда тұрғындары! Елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстанның жарқын жетістіктерін айшықтайды. Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың астананы көшіру туралы бірегей шешімі халқымыз үшін аса маңызды тарихи оқиға болды", - деп бастады сөзін президент.

Тоқаевтың айтуынша, Елбасының ерік-жігері мен теңдессіз ерлігінің арқасында Еуразия кіндігінде ірі саяси, экономикалық, мәдени және білім орталығы пайда болды. Бұл қадам даму, өркендеу және жасампаздық жолында Қазақстанға тың серпін берді.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда Астана күні тойланып жатыр

Мемлекет басшысы атап өткендей, Нұр-Сұлтан қаласы осындай қысқа мерзім ішінде Еуразия төріндегі ғажайып мекенге айналды. Сәулеті айрықша ғимараттар мен елорданың заманауи келбетіне әлем жұртшылығы тәнті болды.

Сонымен бірге Тоқаев қаламызда жаһандық мәні зор саяси шаралар өтіп жатқанын айтты: ТМД, ШЫҰ, ЕАЭО, ЕҚЫҰ, ИЫҰ саммиттері, ЭКСПО-2017 көрмесі, Азия ойындары, Астана бітімгершілік үдерісі. Президенттің айтуынша, осының бәрі Қазақстанның бас қаласының абыройын арттырды.

"Елорданың өркендеуі – Елбасының және барша Қазақстан халқының еңбегі. Еліміздің барлық өңірі Нұр-Сұлтан қаласының өркендеуіне үлес қосты. Бүгінде бас қаламыз барша жұртымыздың ынтымақ-бірлігінің символына айналды, - дейді мемлекет басшысы. - Елорда – еліміздің жүрегі. Мемлекетіміздің жарқын болашағына жол ашатын тағдырлы шешімдер осы жерде қабылданады".

Тағы оқыңыз: 6 шілдеде тағы қандай мереке тойланады?

Тоқаев  қаламыздың бой көтеруіне және қалыптасуына үлес қосқан әрбір азаматқа ризашылық білдірді. Сөз соңында қазақстандықты Елорда күнімен құттықтап, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына және барша халыққа бақ-береке, зор денсаулық, амандық тіледі.

Тақырып:
Астана күні (9)
Кілт сөздер:
Астана күні, Назарбаев, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып