Қоғам

"Жыныстық құмарлықты төмендетеді": тәжірибелі дәрігер аллергияның қаупі туралы айтты

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуГлавный тренер "Кунео" Роберто Пьяцца во время полуфинального матча "Финала четырех" мужской волейбольной Лиги чемпионов
Главный тренер Кунео Роберто Пьяцца во время полуфинального матча Финала четырех мужской волейбольной Лиги чемпионов  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
30 жыл медицина саласында еңбек етіп жүрген дәрігер аллергияға қарсы дәріні маманның кеңесімен ғана пайдалану қажет деп ескертті

НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik, Дәурен Ерболат. Жоғары санаттағы аллерголог-иммунолог, медицина ғылымдарының кандидаты Ғалия Түсіпбекова Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында аллергияны емдеуге болатынын, бұл аурудың адам өмірі үшін қауіпті екенін, аллергия қозған кезде қандай дәрілерді пайдаланбау қажеттігін айтты.

Аллергия – XXI ғасыр ауруы

Тәжірбиелі дәрігердің айтуынша, аллергия - XXI ғасырдағы кең таралған аурулардың бірі.

© Photo : Ғалия Түсіпбекованың жеке архивіненТәжірибесі мол аллерголог Ғалия Түсіпбекова
Жыныстық құмарлықты төмендетеді: тәжірибелі дәрігер аллергияның қаупі туралы айтты - Sputnik Қазақстан
Тәжірибесі мол аллерголог Ғалия Түсіпбекова

"Себебі қоғамда өркениеттің дамуына байланысты тұрмыстық химия өнімдерінің көбеюінен аллергиямен ауыратындардың саны да артып отыр. Бұл ауру адам иммунитетінің дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан пайда болады. Бүгінде әлем халқының 40%-і аллергиямен ауырады. Оның ішінде Қазақстанда мұндай дертке шалдыққандардың саны - 35-38%. Адамдардың басым бөлігі аллергия тек жазда болады деп ойлайды. Алайда бұл дерттің түрлері өте көп және оған жыл мезгілінің катысы жок, - дейді Ғалия Түсіпбекова.

Тағы оқыңыз: Күнге аллергияңыз болса, не істеу керек?

Аллергия тұқым қуалайды

Дәрігер тамаққа, жануарлардың жүніне, оның қайызғағына, зәріне және шаңға, шаң кенесіне, дәріге, шөпке аллергия көбейіп кеткенін айтады. Тіпті кейде жаңа туған сәбидің ана сүтіне аллергиясы болады екен.

"Аллергия – тұқым қуалайтын ауру. Мысалы, оның әкесі мен шешесі аллергиямен ауырса, сәбидің бұл ауруға шалдығу ықтималдығы - 60%. Бұл – өте жоғары көрсеткіш. 1 жасқа дейінгі балалардың басым бөлігінің тамаққа және үйдегі шаң кенесіне аллергиясы болады. Жалпы балалар аллергиясының 90%-і тамаққа байланысты. Ал ана сүтіне аллергия болған кезде, емізуді тоқтатуға тура келеді", - дейді аллерголог.

Сондай-ақ Ғалия Түсіпбекова балада аллергия болса, тезірек дәрігерге қаратып, аллергендерді анықтау қажеттігін атап өтті. Дәрігердің пікірінше, диагнозды уақытында қою, ауруды асқындырмауға септігін тигізеді.

Аллергияның қаупі

Ғалия Түсіпбекова аллергияны емдетпеу адам өмірі үшін өте қауіпті екенін айтады.

Тағы оқыңыз: Шаңға аллергиядан қалай құтылуға болады?

"Дәрігерге қаралу қажет. Аллергияны емдетпей, асқындырып алу өмірге қауіпті, бронх демікпесі, көмекейдің iсiнуі пайда болуы мүмкін. Ал ең қауіптісі - анафилактикалық шокқа әкелуі ықтимал. Аллергия – адам өмірі үшін өте қауіпті ауру. Сондықтан оны асқындырмай, білікті дәрігерге бару керек", - дейді аллерголог маман.

Аллергияны емдеуге бола ма?

Сұқбат барысында тәжірибелі аллерголог бұл дертті емдеуге болатынын жеткізді.

"Аллергияны емдеуге болады. Бұл ауруға қарсы қолданатын әдістің бірі – аллерген-спецификалық иммун терапиясы. Яғни пациентке біртіндеп үдемелі түрде аллерген дозасы беріледі. Бұл адамның аллергияға қарсы иммунитетін қалыптастырады. Емдеудің бұл әдісін 5 жастан бастап қолдануға болады. Мұндай емді біз көбінесе шөпке, шаңға, үй жануаларына аллергиясы бар науқастарды емдеуде қолданамыз", - дейді Ғалия Түсіпбекова.

Әңгіме барысында дәрігер маусымдық аллергия кезінде міндетті түрде дәрігерге қаралу қажеттігін айтады. Ол дәрігердің рұқсатынсыз дәрілерді пайдаланбауға кеңес берді. Себебі бұл дәрілер адам азғасына кері әсерін тигізіп, басқа ауруға шалдықтыруы мүмкін.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда маса шаққан келіншектің неге көз жұмғаны анықталды

"Аллергияны емдеуге гормондар қатты көмектеседі. Тіпті кейбір дәріханаларда сатушылар бұл гормондарды дәрігердің кеңесінсіз-ақ пациентке салып береді. Бұл – қылмыс әрі адам өміріне қауіпті. Мұндай гормонның бірі – дипроспан дәрісі. Ол бір айға екпе түрінде салынатын гормон. Екіншісі "кеналог" дәрісі. Ол - 6 айға есептелген гормондық дәрі. Бұл дәрілер 1-2 жыл көмектескеннен кейін әсерін бермейді. Кейін жеңіл дәрілер көмектеспей қалады. Бұл дәрілер диабет, глаукома, катарактаға шалдықтыруы мүмкін. Қан қысымын көтеріп, сүйекке қажетті кальций, фосфор сынды минералдарды организмнен шығарады. Метаболизмге кері әсерін тигізіп, адам артық салмақ жинауы ықтимал. Жігіттер мен қыздардың жыныстық құмарлығын төмендетеді", - дейді дәрігер.

Ғалия Түсіпбекова 30 жылдық еңбек тәжірибесінде дипроспан мен кеналог дәрілерін екі рет амалсыздан пайдаланғанын айтты. Сондай-ақ ол шашқа және кейбір кездері шәуетке (сперма) де аллергия болатынын атап өтті.

Қазақстандағы аллергияның алдын алу шаралары

Аллергологтың пікірінше, дәріханалардың жұмысын бақылауға алу аллергияның алдын алуға септігін тигізеді.

"Бүгінде мемлекетіміз дәрілерді қатаң бақылауға алды. Осы күндері рецептісіз дәріханадан дәрі ала алмайсыз. Оны оңды-солды, орынсыз қабылдағандықтан, қазіргі таңда дәріге аллергия көбейіп кетті. Оның ішінде өмірге қауіпті DRESS, ОТАР, Лайелл, Стивенс-Джонсон синдромы деген ауру түрлері жиі кездесетін болды, - деп Ғалия Түсіпбекова сөзін түйіндеді.

Тағы оқыңыз: Балаларға беруге болмайтын 9 зиянды тағам

Жаңалықтар
0