01:47 24 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Ескі қала әңгімелері квестіне қатысушылар

Нұр-Сұлтан оқушылары ата-аналарына ерекше сыйлық тарту етті

© Photo : предоставлено Российским центром науки и культуры в Нур-Султане
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
24 0 0

Елорданың тарихи жерлерінде өткен квест арқылы оқушылар мен олардың ата-анасы қала жайында көптеген мағлұмат алды

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде — Sputnik. Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы ұйымдастырған Нұр-Сұлтандағы "Ақылды балалар лагерінде" оқушылар екі апта бойы екі маңызды оқиғаға дайындалды – Астана күні мен Отбасы, махаббат және адалдық күні.

Участники квеста Рассказы старого города
© Photo : предоставлено Российским центром науки и культуры в Нур-Султане
Оқушылар елорданың тарихи жерлерін аралады

Тәлімгерлерімен бірге олар мерекеге орай "Ескі қала әңгімелері" атты квест өткізуді жөн көріпті. Елордалық танымал өнертанушы Нелли Викторовна Шивринаның жетекшілігімен балалар Нұр-Сұлтанның ескі бөлігін аралап шықты. Осы жобаға басшылық еткен Заманауи білім технологиялары орталығының мәскеулік командасы да бұған үлкен септігін тигізді.

Участники квеста Рассказы старого города
© Photo : предоставлено Российским центром науки и культуры в Нур-Султане
Отбасы күні мен Астана күніне орай өткен квест

"Біздің ойға алғанымыз жан-жақты іске асты: заманауи гаджеттерді, БАҚ материалдарын және ақылды кітаптарды пайдаландық. Ең бастысы, квестке балалардың ата-анасы мен достары да атсалысты. Бұл нағыз отбасылық жобаға айналды", - деді Ресейдің ғылым және мәдениет орталығының балаларға арналған білім бағдарламаларының үйлестірушісі Александра Лумпова.

Участники квеста Рассказы старого города
© Photo : предоставлено Российским центром науки и культуры в Нур-Султане
Шараға оқушылар ғана емес, олардың ата-анасы мен достары да атсалысты

Қазақстандағы Ресейдің ынтымақтастық өкілдігінің басшысы Константин Воробьёв квестке қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде: "Бұл шара 8 шілде – Отбасы, махаббат және адалдық күні өтіп жатқанының өзіндік бір мәні бар. Ресейдің ғылым және мәдениет орталығының жобасы қатысушыларға  отбасылық салт-дәстүрді бағалау, туған өлкені сүю сияқты өмірдегі басты әрі қарапайым дүниелерді ой елегінен өткізуге мүмкіндік береді деп ойлаймын", - деп атап өтті.

Участники квеста Рассказы старого города
© Photo : предоставлено Российским центром науки и культуры в Нур-Султане
Қатысушылар әтүрлі сыйлықтармен марапатталды

Барлық отбасыға түймедақ гүлшоғы мен Ресейдің халық әртісі Олег Погудиннің концертіне шақыру билеттері сыйға тартылды.

Участники квеста Рассказы старого города
© Photo : предоставлено Российским центром науки и культуры в Нур-Султане
Әр отбасыға түймедақ гүлшоғы сыйға берілді
Кілт сөздер:
сыйлық, ата-аналар, оқушылар, Нұр-Сұлтан
Загрузка...

Басты тақырып