Қоғам

Лондон Sputnik пен RT-ны аккредитациядан өткізбеді: Симоньян мән-жайды түсіндірді

© Sputnik / Медиабанкке өтуМаргарита Симоньян
Маргарита Симоньян - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлыбританияның ішкі істер министрлігі Sputnik пен RT жалған ақпарат таратады деген мәліметті растайтын бірде-бір дәлел келтірмеген

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде — Sputnik.  Ұлыбританияның ішкі істер министрлігі RT мен Sputnik-ті БАҚ бостандығы мәселесіне арналған халықаралық конференцияға аккредитациядан өткізуден бас тартты. "Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігі мен RT телеарнасының  бас редакторы Маргарита Симоньян осы мәселеге тоқталды.

Бұған дейін Ұлыбритания RT телеарнасы мен Sputnik агенттігін БАҚ бостандығына арналған халықаралық конференцияға аккредитациядан өткізуден бас тартқан болатын.

"Бізді Лондонда өткен сөз бостандығына арналған халықаралық конференцияға аккредитациядан өткізуге байланысты ұлыбританиялық ІІМ былай деді: "Біз RT мен Sputnik-ті жалған ақпаратты белсенді тарататыны үшін аккредитациядан өткізуден бас тарттық". Алайда жалған ақпараттың таратылуына қатысты бірде-бір дәлел келтірмеді", – деп жазды Маргарита Симоньян өзінің Telegram-каналында.

Маргарита Симоньянның айтуынша, БАҚ өкілдерін шараға аккредитациядан өткізетін команда бос орын қалмағанын хабарлаған. Ресейдің Ұлыбританиядағы дипломатиялық өкілдігі бұл жайтты басылымды кемсітушілік деп қабылдады, деп хабарлайды РИА Новости.

Лондонда 10 және 11 шілде күндері БАҚ-тағы сөз бостандығы мәселесіне арналған форум өтеді. Шараны Ұлыбританияның ІІМ мен Канада үкіметі ұйымдастырады.

Жаңалықтар
0