Қоғам

Сот залынан шыққан Суханбердиеваның көңілі босап кетті – видео

© SputnikЭльмира Суханбердиева
Эльмира Суханбердиева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сот білім және ғылым вице-министрін кінәлі деп танып, 6 миллион теңге айыппұл салды

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева процессуалды келісімге не үшін барғанын түсіндірді. Бүгін оны сот залында босатты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Соттың шешіміне сәйкес, вице-министр мемлекеттік мектепте жекеменшік білім беру мекемесін ашып, кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін кінәлі деп танылды. Бұдан бөлек, қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланып, министрлікке қарасты мекемелерге айфондар мен планшеттерді алдыртқаны бар. Осы қылмыстар үшін оған 6 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. 

Тағы оқыңыз: Эльмира Суханбердиеваға қатысты сот үкімі шықты

"Жеке кәсіпкерлік жұмысқа қатысты айтарым, ол жұмыс әлі басталған жоқ. Иә, менің туысқандарым жекеменшік мектепті басқаруды жоспарлаған. Бірақ кредит енді ғана алынып, рәсімдеу шаралары жүргізіліп жатқан. Жеке мектеп тек қыркүйек айында ғана ашылады деген жоспар болды. Бірақ заң бар. Мен өз кінәмді мойындадым. Дегенмен, Жоғарғы сотта әлі шешім болады деп ойлаймын, соттың шешіміне әлі де шағым түсіретін боламын", - деді Суханбердиева журналистерге берген сұқбатында.

Бұдан бөлек, вице-министр қызметін асыра пайдаланып, жеке кәсіпкерлерге айфон мен планшеттерді неге алдыртқанын да түсіндірді.

"Енді, бәрі балалар үшін ғой. Қазақстанның түкпір-түкпірінен көпбалалы отбасыдан және жетім балалар келді. Олар бір ғана кітаппен кетпесін деп планшеттерді алдырттық. Мен Жоғарғы сотқа арыз түсіріп, заттай айғақ ретінде тәркіленген екі айфон мен планшеттерді қайтаруды сұрайтын боламын. Мен өз жазамды алдым ғой. Балалар болса, өз сыйлықтарын алуы қажет. Қайтармаса, бірдеңе ойластырамын. Мемлекет қаржысынан бір тиын алынған жоқ. Ал, ерлік жасаған тағы екі баламен сөйлескенде, "апай ұялы телефон арманым еді, соны алып берсеңіз" деді. Бір бала үш қарындасын оттан алып шықты. Екіншісі екі жасар баланы құдықтан алып шықты...", - деді Суханбердиева.

Осыдан кейін вице-министр сұқбатты ары қарай жалғастыра алмай, жылап жіберді.

Тағы оқыңыз: Вице-министр қылмысты қалай жасады – тергеу материалдары

Жаңалықтар
0