06:21 13 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.81
  • EUR429.01
  • RUB6.08
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев

Ермекбаев Арыстағы жарылыс жайлы: қашқан жоқпын, қашпаймын да

© REUTERS / PAVEL MIKHEYEV
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
225 0 0

Қазір арсеналдың кейбір жерлері бықсып, түтіндеп жатыр, осыған байланысты өрт сөндірушілер үнемі су шашып тұрады

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыстағы жарылыс үшін жауапкершіліктен қашпайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде жарылыстың барлық себебі зерделеніп жатыр. Соның ішінде өрт қауіпсіздігін бұзу, немқұрайлық, электр сымдарының тұйықталуы сияқты техникалық себептер, зарядтағы химиялық реакциялар, тіпті әдейі өрт қою мен диверсия да бар.

"Тергеудің нәтижесінде әрбір лауазымды тұлғаның жауапкершілігі анықталады. Мен өзім қорғаныс ведомствосының жетекшісі қызметіне келген күннен бастап, яғни 2018 жылдың 7 тамызынан бастап қарулы күштерде болып жатқан барлық жағдайға жауаптымын. Осы жауапкершіліктен қашпаймын. Қашқан да жоқпын, қашпаймын да. Тергеу бойынша анықталған кінәлі адамдар заң бойынша жауап береді", - деді Ермекбаев елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Тағы оқыңыз: "Қауіпті жағдай туындауы мүмкін": қорғаныс министрі арыстықтарға ескерту жасады

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде ұшқан снарядтарды іздестіру шаралары жалғасуда. Ал әскери қоймаларға су шашылып тұрады. Себебі арсеналдың кейбір жерлері бықсып, түтіндеп жатыр. Осыған байланысты өрт сөндірушілер үнемі су шашып отырады.

Арыстағы жарылыс

24 маусым күні сағат 10 кезінде Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жойқын жарылыс болды. Қала тұрғындары Шымкент пен көршілес аудандарға шұғыл көшірілді.

Ресми деректерге сүйенсек, оқиға салдарынан үш адам қаза тапқан – екі әскери қызметкер және бір жергілікті тұрғын.

Саперлер қаланы тазартып, 28 маусымда тұрғындар үйлеріне орала бастады.

Тақырып бойынша

"Жүрегіміз де, тілегіміз де бір": Шөкеев Арыс халқына қандай уәде берді?
Жедел жәрдем бригадасы Арыс тұрғынын тірілтіп алды
Арыс қаласында жарылмаған снарядтар үйлерден табылып жатыр
Тоқаев Арыс тұрғындарына көмек көрсету қорына өз ақшасын аударды
Назарбаев біркүндік жалақысын Арыс тұрғындарына көмек көрсету қорына аударды
Мәжілістің бір топ депутаты Арыс қаласына аттанды
Қазақстанның Ресейдегі елшілігі Арыс тұрғындарына 3 миллион теңге аударады
Арыс қаласына 14 мыңнан астам тұрғын оралды - видео
Кілт сөздер:
жарылыс, қорғаныс министрі, Нұрлан Ермекбаев
Загрузка...

Басты тақырып