22:20 22 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
Шоколад

Шоколадтың біз білмейтін қандай пайдасы бар?

© Photo: СС0 / Alexander Stein
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1500 0 0

Дүниежүзілік шоколад күні дәрігерлер шоколадты қашан және қанша жеу керектігін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде — Sputnik. Шоколадты күнде жеуге болады, бірақ белгілі бір мөлшерде және белгілі бір уақытта, деп хабарлайды дәрігерлер РИА Новости агенттігіне.

Шоколадты қашан жеуге болады?

Қою қара шоколадты күнделікті жесе де, денсаулыққа зияны тимейді, бірақ оны түске дейін жеген абзал.

Себебі шоколад - жоғары калориялы өнім, сонымен бірге құрамында адамның ұйқысын қашыратын алкалоидтар бар.

Шоколадтың пайдасы

Сеченов университетінің поликлиникалық терапия кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Алексей Буеверовтың пікірінше, құрамындағы какао мөлшері 50 проценттен кем емес қою қара шоколадты күн сайын 50 грамнан ғана жеген жөн. Ауыр жұмыс істейтін немесе спортпен шұғылданатындарға көбірек жеуге болады.

Тағы оқыңыз: Шоколадтан жасалған көйлектер - видео

Қою қара және сүтті шоколадтың энергетикалық құндылығы бірдей, деп санайды диетолог дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Елена Ливанцова. 

Дегенмен қою қара шоколадтың пайдасы көбірек, себебі құрамында какао мол болғандықтан, пайдалы заттарға бай.

"Қазір қою қара шоколад құрамындағы биофлавоноидтер жан-жақты зерттеліп жатыр. Олардың холестерин айналымына оң әсері анықталып жатыр, яғни шоколадтың құрамында май болса да, холестерин деңгейін төмендетуге көмектеседі", - деп түсіндірді Ливанцова.

Шоколад адам ағзасына энергия беріп қана қоймай, жақсы көңіл-күй сыйлайды, сондай-ақ бауырды қорғайды.

Шоколадтың зияны

Шоколадты ұйқы безі ауруына шалдыққандарға жеуге болмайды.

Тағы оқыңыз: Қанттан мүлдем бас тартса, не болады?

Шоколадты шамадан тыс көп жесе, адамның салмағы артып, көмірсутек айналымы бұзылуы мүмкін, сонымен бірге шоколад асқазанды ауыртып, ішті кептіреді, тісте қаңғұрт пайда болуы мүмкін екенін де ұмытпау қажет.

Дүниежүзілік шоколад күні

Дүниежүзілік шоколад күні жыл сайын 11 шілдеде аталып өтеді. Оны бастапқыда француздар тойлап, осы тәтті тағамға арналған түрлі мерекелік шаралар ұйымдастыратын. Кейінірек мейрам кең танымал болып, Еуропаның басқа елдерінде де мерекелене бастады.

Тақырып бойынша

Жеген сайын адамды бақытты ететін 7 тағам
Ғалымдар қартаюды баяулататын өнімдерді атады
"Тәтті" төтенше оқиға: бір тонна еріген шоколад көшеге ағып кетті - фото
Салмағы 29 келі ғана болған қыз кәмпиттің арқасында адам танымастай өзгеріп кетті
Кілт сөздер:
шоколад
Загрузка...

Басты тақырып