Қоғам

"Қатаң шара қарастыру қажет": Тоқаев кімнің түрмеге отыратынын айтты

© Sputnik / Тимур БатыршинКісен , архивтегі сурет
Кісен , архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы үкіметке тиісті заңнамаға өзгерістер енгізуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнесті қорғауға қатысты тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Отандық бизнесті қолдау қажет. Ал оны дамытуға кедергі болатындарды, негізсіз тексерістер өткізетіндерді, алым-салық пен рейдерлік жасайтындарды қатаң жазалау қажет. Меніңше, мемлекеттік органдардың жұмысын криминализациялаудың кезі келді. Заңда бизнеске тосқауыл жасағаны үшін қатаң шараны қарастыру қажет. Тіпті, қылмыстық жазалау да болуы шарт. Ондай шаралар бірқатар елде бар. Бизнестің дамуына кедергі жасайтын шенеуніктер түрмеге жіберіледі", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Осыған байланысты мемлекет басшысы үкіметке тиісті заңнамаға өзгеріс енгізуді тапсырды.

Жаңалықтар
0