13:00 23 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
Берік Уәли

Тоқаевтың баспасөз хатшысы Ринат Зайытовқа эстафета жолдады

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
3358 0 0

Ұлы ақын Абайдың 175 жылдығына орай оның шығармаларынан үзінді оқу эстафетасы желіде кеңінен етек алды

НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Абай өлеңдерін оқу эстафетасына қолдау білдіріп, ақынның шығармасынан үзінді оқып берді. Ол эстафетаны әрі қарай сенат депутаты Мұхтар Құл-Мұхаммедке, вице-премьер Гүлшара Әбдіқалықова және айтыскер ақын Ринат Зайытовқа жолдады. 

"Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай оның өлеңдерін оқу эстафетасына президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы үлкен мән беріп, осы бастаманы жалпыхалықтық деңгейге көтерді. Өзі де Абай Құнанбайұлының өлеңінен үзінді оқыды, оны жақсы білесіздер. Осы эстафетаны президенттің кеңесшісі Ерлан Қариннен, Қазақстанның халық артисі Тұңғышбай Жаманқұлов мырзадан және павлодарлық достар Нұржан мен Русланнан, сондай-ақ, сыныптасым Айраттан қабыл алдым", - деген Берік Уәли ешбір қазақ баласының осы эстафетадан тыс қалмайтынына сенім білдірді. 

Өз кезегінде Берік Уәли Абай өлеңдерін оқу эстафетасын сенат депутаты Мұхтар Құл-Мұхаммедке, премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова және айтыскер ақын Ринат Зайытовқа, сондай-ақ барша әріптесіне жолдады. 

Айта кетсек, желіде Ұлы ақынның 175 жылдығына арналған эстафета кеңінен етек алды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдау білдірген бастаманы іліп әкеткендер қатары күн санап артып келеді. Тек қазақстандықтар ғана емес, әлем бойынша Абайдың шығармашылығына қызығушылық танытып жатқандар аз емес. Димаш Құдайбергеннің әлемнің түкпір-түкпіріндегі фанаттары ерекше белсенділік танытып жатыр. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zhannur Zholdaskhan (@zhannur.zholdaskhan)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zhannur Zholdaskhan (@zhannur.zholdaskhan)

Тақырып бойынша

Абай жазған заң: Ғалымдар "Қарамола жарғысының" түпнұсқасын тапты
Тасмағамбетов Абайдың шығармасынан үзінді оқу эстафетасына қатысты - видео
Димаш Тоқаевтан эстафета қабылдады - видео
Тоқаев: Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын мемлекеттік деңгейде атап өтеміз
Игорь Крутой Димаштан эстафета қабылдап, Абайдың өлеңін оқыды 
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы туралы қызықты деректер
Кілт сөздер:
Ринат Зайытов, Қасым-Жомарт Тоқаев, Абай
Загрузка...

Басты тақырып