06:45 26 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Жұмыста отырған ер адам, архивтегі сурет

Тоқаев білім министрін қабылдады

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
12890 0 0

Ұлттық ЖОО-ның ректорлары үкімет қаулысы бойынша конкурс негізінде тағайындалатын болады

НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық университет ректорларын тағайындауға өзгеріс енгізілетінін мәлімдеді. Енді жоғары оқу орындарының жетекшілері конкурс негізінде тағайындалады.

"ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке ұлттық университет ректорларын конкурстық негізде Үкіметтің қаулысымен тағайындау жөнінде нормативтік құжаттар әзірлеуді тапсырдым. Қазіргі ректорларды президенттің жарлығымен тағайындау процедурасы күшін жояды", - деп жазды президент өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің қазіргі жұмыстары, негізгі бағдарламалық құжаттардың жүзеге асырылуы, берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде мәлімет берілді.

Асхат Аймағамбетов білім саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының әзірлену барысы туралы баяндады.

Қазақстан президенті жаңа мемлекеттік бағдарламаның мазмұны мен осы құжатта шешілуге тиісті міндеттер жөнінде өз ұсыныстарын айтты.

Тағы оқыңыз: Тоқаев жетекшілік ететін Ұлттық кеңес құрылды: оның құрамына кімдер кірді?

Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында елдегі білім саласын дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлген болатын. Ол қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының әртүрлі екенін атап өтті. Оның айтуынша, білім мекемелеріндегі материалдық-техникалық база да нашар.

Қазақстанда 2025 жылға дейін білім және ғылым саласын дамытуға бағытталған жаңа мемлекеттік бағдарлама бекітіледі. Премьер-министр Асқар Мамин бағдарлама жыл соңына дейін қабылданатынын айтқан болатын.

Тақырып бойынша

Тасмағамбетов Абайдың шығармасынан үзінді оқу эстафетасына қатысты - видео
Қостанайдағы қазақ мектебіндегі шу: Тоқаев тапсырма берді
Тоқаев мұғалімдердің мәртебесіне қатысты тапсырма берді
Латын әліпбиіне көшу тағы 10 жылға созыла ма - министрліктің жауабы
Қазақстанда 2019/2020 оқу жылына арналған гранттар тізімі жарияланды
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып