13:12 19 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.77
  • EUR427.26
  • RUB6.00
Асхат Аймағамбетов

"Өз тәжірибемді айтайын": білім министрі қандай шешімі үшін өкінбейтінін айтты

© Sputnik / Абзал Калиев.
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
3286 0 0

Қазіргі заңнамада баланы алты жастан бастап 1-сыныпқа беру керектігі туралы нақты жазылған

НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектепке баратын балалардың жасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, қазақстандықтар баланы алты жастан бастап мектепке беру мәселесі туралы жиі сұрайды.

"Мен өз тәжірибемді айтайын. Негізі, 5-6 жаста баланың дамуы өте жылдам болады. Мен де баламды мектепке бергенде көп ойландым. Ол кезде таңдау болды ғой. Алты жаста беремін десең, алты жаста, жеті жаста беремін десең, жеті жаста мектепке бересің. Мен алты жастан бастап бердім. Бүгінде бұған өкінбеймін", - деді Аймағамбетов журналистерге берген сұқбатында.

Тағы оқыңыз: Тоқаев білім министріне тапсырма берді

Министрдің сөзіне қарағанда, қазіргі заңнамада баланы алты жастан бастап бірінші сыныпқа беру керектігі туралы нақты жазылған. Бұрын жақшаның ішінде "7 жас" та көрсетілген. Үш жыл бұрын жақшадағы "жетіні" алып тастады.

"Сондықтан қазіргі заңнамада "балалар алты жастан мектепке барады" деп жазылған. Негізі, мектепке алты жаста келетін балалардың саны артып келеді. Мәселен, 2014 жылы балалардың 60 проценті мектепке алты жаста келген. Ал 2018 жылы олардың саны 80 проценттен асты. Бүгінде бұл талап орындалмаса, министрлік айыппұл салады деген сөз тараған. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды", - деді Аймағамбетов.

Тақырып бойынша

Білім министрі "сыныпты" "класқа" өзгерту жайлы пікір білдіруден бас тартты
Білім министрі Тоқаев жолдаған эстафетаны қабылдады – видео
Жоғары білімнің ақысы көтеріле ме – министрдің жауабы
Аттестация тағы өзгере ме - министр мұғалімдердің ұсынысы туралы айтты
Қазақстанда 2019/2020 оқу жылына арналған гранттар тізімі жарияланды
Кілт сөздер:
бала, мектеп, министр, білім, Асхат Аймағамбетов
Загрузка...

Басты тақырып