Қоғам

Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Тоқаевты құттықтады

© Sputnik / Владислав ВодневҚазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Томас Бах Қазақстан президентінің спортқа деген ықыласын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде — Sputnik. Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау хат жолдады.

"Аса ірі спорт ұйымының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент лауазымына тағайындалуына орай жылы лебіз білдіріп, алдағы қызметіне табыс тіледі.Томас Бах Қазақстанның олимпиадалық қозғалыстағы белсенділігіне жоғары баға беріп, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың спортқа деген ықыласын атап өтті", - деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Хатта ХОК-тің Қазақстан үкіметімен және Ұлттық олимпиадалық комитетімен тығыз әрі жемісті ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға ниетті екені айтылған.

Тағы оқыңыз: АҚШ президенті Тоқаевқа жеделхат жолдады

Айта кетейік, Тоқаев 13 жыл Қазақстанның үстел теннисі федерациясын басқарды.  

Мамырда Қазақстан президенті Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында жас оралдықтармен теннис ойнады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Berik UALI (@berikuali)

Жаңалықтар
0