12:17 19 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Қазақстандықтар, архивтегі сурет

"Күрделі сұрақ": Тоқаев халықты мазалап жүрген мәселеге қатысты пікір білдірді

© Sputnik / Абзал Калиев.
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1069 0 0

Президент әлеуметтік желілерді қалай пайдаланатынын айтып берді

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев интернетті шектеуден ешбір пайда болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бұл – күрделі сұрақ. Бірақ қазіргі заманда ұлу сияқты бір қабыршақтың ішінде қалып қоюға болмайды. Бәрібір адамдар айналма жол тауып, үлкен желіге шығады. Біздің өз шындығымыз болуы керек. Соны әлеуметтік желілер арқылы жеткізе білуіміз керек", - деді Тоқаев "Президент 2.0" фильмінде.

Президент әлеуметтік желілерді қалай пайдаланатынын айтып берді. Twitter арқылы халыққа көп нәрсені жеткізуге болады, Instagram да жақсы жүріп кетті, дейді ол.

Тағы оқыңыз: Тоқаев діни ұстанымы туралы сұраққа жауап берді

"Әлеуметтік желілер – бұл өмірлік шындық. Сонымен бірге әлеуметтік желілер шенеуніктерді халыққа жақындатады. Ол да – шындық. Үшіншіден, жастардың бәрі әлеуметтік желіде отырады. Айтпақшы, қазіргі жастар теледидар көрмейді. Оны біздің буынымыз, сосын үйде отырған әйелдер ғана көретін шығар. Мен өзім теледидарды аз көре бастадым", - деп атап өтті Тоқаев.

Сонымен бірге мемлекет басшысы әлеуметтік желілер арқылы түсетін арыз-шағымдарды жіктеп отыратынын жеткізді.

"Мен ондай шағымдардың, шынымен де, адамадардың жанайқайы екенін сеземін. Instagram-ға түскен, Twitter-ге жазды. Мен соның бәрін президент әкімшілігіне немесе премьер-министрге тапсырма ретінде жіберіп отырдым", - дейді президент.

Тоқаевтың айтуынша, адамдар жеке сұрақтар бойынша арызданады. Соның ішінде соттардың әділетсіз шешімдеріне қатысты арыздар бар.

"Біреуді мектепке, енді біреуді университетке дұрыс қабылдамаған. Осының бәрі бақылауға алынып, тиісті шешімдер қабылданады. Әкімдер нақты қандай шара қолданғанын жазып отырады. Әрине, олар үшін әлеуметтік желілерді қарап отыратын президентпен жұмыс істеу қиындау. Мен оны сеземін. Бірақ өмірдің талабы сол", - деп ойын аяқтады Тоқаев.

Кілт сөздер:
әлеуметтік желілер, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып