06:21 26 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Елорданың келбеті

Қазақстан 61 елмен визасыз режим орнатты

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
55 0 0

Қазақстан инвестициялық тартымдылық пен бизнес-климатты жақсартуға арналған шаралар кешенін қабылдауда

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде – Sputnik. Қазақстан 61 елмен визасыз режим орнатты, деп хабарлады Қазақстан Республикасы ІІМ көші-қон қызметі комитеті.

"Көші-қон қызметі органдарында тіркелу қажеттілігінсіз 30 тәулікке дейін 45 елге бір жақты тәртіпте визасыз режим берілді", - деп жазылған хабарламада.

Екі жақты негізде 19 елмен (Армения, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Моңғолия, Ресей және Украина 90 тәулікке дейін, Әзербайжан, Аргентина, Бразилия, Оңтүстік Корея, Куба, БАӘ, Сербия, Тәжікстан, Түркия және Эквадор 30 тәулікке дейін, Гонконг 14 тәулікке дейін) келісім жасалды.

Тағы оқыңыз: Қазақстандықтар визасыз бара алатын елдер 

Шетелдіктер Қазақстанда қалай тіркеледі

"Халықтың көші-қоны туралы" заңға сәйкес шетелдіктер Қазақстан Республикасына келгеннен кейін бес күннің ішінде тіркелуге міндетті.
Тіркеу бірнеше тәсілмен ресімделеді:

  •  экономикалық дамыған және әлеуметтік тұрақты 56 елдің азаматтары, сондай-ақ барлық шетел азаматтары үшін тіркеуді Қазақстанға кіру кезінде шекара қызметі ресімдейді;
  •  мекенжай визалары бойынша тіркеу шақыруды ресімдеу кезінде жазылады, шекараны кесіп өту кезінде іске қосылады;
  • электронды түрде визалық көші-қон порталы немесе электронды үкімет порталы арқылы, бұл ретте қабылдаушы тараптың электронды мекенжайына тіркеу карточкасы келіп түседі;
  • қабылдаушы тарап көші-қон қызметінің аумақтық бөлімшесіне жеке жүгінген кезде, онда тіркеу куәлігі беріледі.

Тақырып бойынша

Қазақстаннан АҚШ пен Жапонияға тікелей әуе рейсі қашан ашылады
Биыл жазда қайда демалуға болады – Назарбаев кеңес береді
Министр: бүкіл әлем электронды визаға көшкенде, Қазақстан әлі қолмен қағаз толтырады
Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтарға 6,5 млн теңге айыппұл салынады
Жазда қай елдерге баруға болмайды – бас санитарлық дәрігердің кеңесі
Загрузка...

Басты тақырып