Қоғам

"Заңмен қудаланады": министр қауіпсіздік сертификатын орнату қажеттігін айтты

© Sputnik / Игорь Руссак / Медиабанкке өтуМобильный телефон
Мобильный телефон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің айтуынша, сертификатты орнату әр адамның өз еркінде

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев ұялы телефонға қауіпсіздік сертификатын орнатпағанын жеткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, қауіпсіздік сертификатын орнату – әр адамның өз еркі. Бірақ соның арқасында балалар үшін зиянды контентті шектеуге болады. Бұдан бөлек, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік бар.

Тағы оқыңыз: Министрлік қазақстандықтарға интернет шектелетінін ескертті

"Сан алуан шабуылдар бар. Вирустар бар. Ол жағынан сертификат көмектеседі. Адамның жеке мәліметтерін алуға мүмкіндік жоқ. Конституцияда бәрі жазылған. Сосын шұғыл іздестіру шаралары туралы заңнама бар. Бұл заң барлық мәселені реттейді. Адамның жеке мәліметтерін пайдалану заңмен қудаланады", - деді Жұмағалиев журналистерге берген сұхбатында.

Алайда министр қауіпсіздік сертификаты неге жеке тұлғаның атына тіркелгенін түсіндіре алмады.

"Менде мұндай мәлімет жоқ. Сіз осы сайттың иесінен сұрағаныңыз жөн. Менің білуімше, жеке тұлғаның атында емес. Мемлекеттік техникалық қызмет бар емес пе, сұрап көріңіз, жауабын береді", - деді министр.

Журналистер "Неге сол сайтқа кіріп, қауіпсіздік сертификатын орнатып алмайсыз?" деп сұрағанда, министр SMS-ті күтіп отырғанын айтты.

"Маған ондай SMS келмеді. Келсе, орнатып аламын. Қазір хабарлама таратылып жатыр. Келгесін, өзіме жүктеп аламын", - дейді Жұмағалиев.

Жаңалықтар
0