Қоғам

Димаш Игорь Крутойдың туған күнінде ата-анасымен түскен суретін жариялады - фото

© Sputnik / Владислав ВодневДимаш на концерте в Нур-Султане
Димаш на концерте в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түркияда өткен мерейтой қонақтары отшашу тамашалап, Димаш Құдайбергеннің әндерін тыңдады

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде — Sputnik. Әлемге әйгілі қазақ әншісі Димаш Құдайберген ата-анасымен бірге Игорь Крутойдың мерейтойына қатысты.

Танымал композитор 29 шілдеде 65 жасқа толды. Ол туған күнін Түркияда атап өткен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Игорь Крутой (@igorkrutoy65)

"Түркияда мықты композитор, жылдар бойы өшпес аңызға айналған әндерді шығарушы данышпан әрі өте қарапайым жанның туған күнін тойлап жатырмыз. Халықтың ең сүйікті әндерінің авторы 65 жасқа толды. Туған күніңізбен, маэстро", - деп Димаш Игорь Крутойды Instagram парақшасында құттықтады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

Суреттерге қарағанда, мерейтойға жиналған қауым түгел аппақ киім киіп келіпті. Димаш және ата-анасы Қанат пен Светлана Айтбаевтар да қатардан қалмады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

Димаштың анасы туған күнге қазақтың ою-өрнегімен безендірілген әдемі ақ көйлек киіп, көздің жауын алатын күміс әшекей таққан.

Тағы оқыңыз: Игорь Крутойдың туған күніне Иманғали Тасмағамбетов барды - видео

Жаңалықтар
0