16:33 24 Қаңтар 2020
Тікелей эфир
  • USD377.86
  • EUR418.74
  • RUB6.10
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2021903

Жалпы алғанда, 2019 жылы 69 мыңнан астам грант бөлінді, оның 13 мыңға жуығы – болашақ магистранттарға, 2,3 мыңы – PhD докторларына берілді

НҰР-СҰЛТАН, 1 тамыз — Sputnik. Қазақстан білім және ғылым министрлігі 2019-2020 оқу жылына арналған білім беру гранттарын бөлу нәтижесін жариялады.

Жоғары білімді кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы 53 755 грантты құрап отыр. Магистрлерді даярлауға 12 984 грант, PhD докторларына 2 312 грант бөлінді.

2019 жылғы білім гранты иегерлерінің толық тізімін мына жерден тікелей жүктеуге болады. 

 

Бұған дейін білім және ғылым министрлігі гранттарды үлестіру рәсімі автоматтандырылғанын, соның арқасында адам факторы толығымен жойылғанын мәлімдеген болатын.

Тағы оқыңыз: Оқуға түсе алмаған талапкерлерге қосымша 5 мың грант бөлінеді

Республикалық комиссияның құрамына мемлекеттік органдар, "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жоғары оқу орындары қауымдастығы, ректорлар кеңесі, бұқаралық ақпарат құралдары, "Жас Отан" жастар қанаты, Студенттер альянсы, үкіметтік емес ұйымдар, "ADAL BILIM" жобалық кеңсесінің өкілдері кірді.

Ведомство сондай-ақ 2019 жылдан бастап гранттар білім беру топтары бойынша тағайындалатынын атап өтті. Яғни әр талапкер оқуға түсер кезде нақты білім беру бағдарламасын таңдайды. 

Тақырып бойынша

Қазақ қызы шетелде екі бірдей білім грантын қалай ұтып алды?
ҰБТ-дан 25 және 26 балл алған түлектер оқуға түсті
Биыл Қазақстанда қанша грант бөлінді?
Аттестат ұпайы ескеріледі – білім гранты биыл қалай тағайындалады?
Кілт сөздер:
білім гранттары-2019, гранттар, грант тізімі, білім гранттары
Загрузка...

Басты тақырып