21:39 15 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16
Иллюстративті фото

Вице-министр қазақстандықтар армениялық көлікті қалай сатып алатынын айтты

CC0 / pixabay.com
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2299 0 0

Қазақстан азаматтары Арменияда уақытша тіркеуге тұрып, көлік сатып алады. Ондағы көліктер 2 есе арзан

НҰР-СҰЛТАН, 1 тамыз – Sputnik. Қазақстан индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов Армениядан келген көліктер елімізде жол жүру ережесін өрескел бұзса да, жауапқа тартылмайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тағы оқыңыз: Жүргізушілер неге өзге елдің нөмірін Қазақстанда тіркегісі келмейді

Алдымен вице-министр қазақстандықтар Армениядан көліктерді қалай сатып алатынын түсіндірді.

"Менің білуімше, АҚШ-тан Арменияға 60-мың көлік жеткізілген. Көліктер бұл елдің аумағына өте төмен кедендік баж салығымен әкелінеді. Енді автокөліктер біздің мемлекетке сатылып жатыр. Бұл отандық өндіріске әсерін тигізуде. Азаматтарымыз Арменияда уақытша тіркеуге тұрып, көлікті сатып алады. Ондағы көліктер 2 есе арзан ", - деді Аманияз Ержанов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бұл автокөліктер елімізде тіркеуде тұрмағандықтан, иесі жол ережесін бұзса да, жауапкершілікке тартылмайды.

"Азаматтар көліктің жылдамдығын арттырып, жол ережесін жиі бұзады, әрі сол үшін жауап бермейді. Айыппұл төлемейді, сотқа шақырылмайды. Осындай қиындық туғызатындықтан қазір ішкі істер министрлігімен бірге шара қолданып жатырмыз. Бірақ бұл біздің азаматтарға зиянын тигізбеуі керек", - деді вице-министр.

Сонымен қатар Аманияз Ержанов бұл отандық жеңіл көлік өндірісін қорғау үшін жасалып жатқан шара екенін атап өтті.

"Себебі, жоғарыда аталған көліктер елімізге көптеп енгізілсе, бұл жеңіл автокөліктер өндірісінің дамуына әсерін тигізеді. Осыған дейінгі автокөлікті кредитке беру жұмысын жоққа шығарады", - дейді ол.

Айта кетейік, осыған дейін ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитеті армян және қырғыз нөмірлерімен жүрген көліктерді тіркеудің жаңа әдісін енгізетінін хабарлаған еді. Ресми органның мәліметіне сәйкес, шетелдік нөмірмен жүрген автокөліктер елімізде жол ережесін жиі бұзып, айыппұл төлемейді.

Тақырып бойынша

Өзге елдің нөмірімен жүрген көліктер қалай тіркеледі
Медведев ЕАЭО кеңеюі мүмкін екенін мәлімдеді 
Тоқаев Армения президентімен кездесті
Армян және қырғыз нөмірлерімен жүрген көліктерді тіркеу жүйесі өзгереді
Кілт сөздер:
көлік, Армения
Загрузка...

Басты тақырып