07:37 04 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD397.56
  • EUR445.94
  • RUB5.82
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
197010

Қосымша гранттар техникалық, педагогикалық және жаратылыстану мамандықтары бойынша беріледі

НҰР-СҰЛТАН, 1 тамыз – Sputnik. Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова қосымша гранттардың бөлінетінін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Өкінішке қарай, конкурсқа қатысқандардың ішінде грантқа түспегендер де бар. Алдағы уақытта бекітілген тәптіппен үкіметтің тиісті қаулысына өзгеріс енгзіледі де, қосымша үш мыңнан астам грант басым бағыттар бойынша тағайындалады", - деді Жақыпова журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, қосымша гранттар техникалық, педагогикалық және жаратылыстану мамандықтары бойынша беріледі.

Жалпы конкурс кезінде ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша үш мыңнан астам грант игерілмей қалды. Дәл осы гранттар үкімет қаулысымен басым бағыттарға қайта таратылатын болады. Ал қосымша гранттардың жалпы саны сегіз мыңнан асады.

Тағы оқыңыз: 2019 жылғы білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланды

”Сонымен, биылғы конкурсқа бөлінген 53 785 грант бар. Оған қоса, Президент тапсырмасы бойынша берілетін 5 мың грант бар. Жергілікті атқарушы органдардың есебінен жыл сайын кемінде үш мың грант беріледі. Сондықтан конкурсқа қатысқан 64 452 талапкердің басым бөлігі грантпен қамтылады”, - деп атап өтті Жақыпова.

Кілт сөздер:
оқуға түсу, грант
Загрузка...

Басты тақырып