08:14 23 Қаңтар 2020
Тікелей эфир
  • USD377.29
  • EUR418.41
  • RUB6.09
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
582 0 0

Әділет министрі қор құрылмас бұрын барлық мәселе зерттелетінін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Әділет министрі Марат Бекетаев жаңа қор құру бастамасы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, жаңа қор алимент төлеу үшін құрылады. Одан ақшаны қарызға алып, әлеуметтік міндеттемелерді орындауға мүмкіндік бар. Бірақ қарызға алған қаражатты қайтару қажет.

"Бұл қор шетел тәжірибесі негізінде құрылады. Мәселен, Финляндияда арнайы қор алимент төлейтін азаматтарға көмектеседі. Олардың ақшасы болмай қалғанда, я болмаса жұмыссыз отырғанда, қордан ақша алып, алимент төлей алады. Кейін жағдайы түзелгенде алған ақшасын қайтарады. Қордың ақшасы тек алимент төлеуге беріледі. Басқа мақсатқа алуға болмайды", - деді Бекетаев журналистерге берген сұқбатында.

Тағы оқыңыз: Елбасы үкіметке олигархтармен бірге арнайы қор құруды тапсырды

Оның сөзіне сүйенсек, Қазақстанда мұндай қор құру үшін барлық мәселені зерттеу қажет, себебі алаяқтық жасалуы мүмкін. Соған қарамастан, министрлік қорды құруға ниетті.

"Бүгінде біз мәжіліс депутаттарымен бірге сот орындаушылары туралы заңға өзгеріс енгізуді ұсындық. Соның аясында алдымен пилоттық жоба іске асырылады. Парламентте бұл мәселе әлі де талқыланады. Дегенмен, үш-бес жылда біз осы қорды құруымыз қажет. Меніңше, қорды жеке сот орындаушыларының палатасы жанынан ашқан дұрыс. Ал қаражат ең алдымен сот орындаушыларынан түсетін болады деп ойлаймын", - деп атап өтті Бекетаев.

Тағы оқыңыз: "Жас Отау" қоры жастарды арзан баспанамен қамтамасыз етпек

Тақырып бойынша

Депутат ажыраспай-ақ екінші рет үйленуге рұқсат беруді ұсынды
Көзін жұмып жата қойған: Алименттен қашқан әке қабірдің ішінен табылды
Сапарбаев: кейбір отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек төлеуді тоқтатамыз
Кілт сөздер:
алимент, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып