07:26 21 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD387.37
  • EUR428.55
  • RUB6.06
Мектеп оқушысы, архивтегі сурет

Жаңа оқу жылында оқушыларды қандай жаңашылдық күтіп тұр?

© Sputnik / Юрий Стрелец
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1153040

Алдағы оқу жылында оқушыларды қандай өзгеріс күтеді, оқу бағдарламасындағы жаңашылдық пен қандай пәндер енгізілетінін Sputnik материалынан оқыңыз

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз — Sputnik. Биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап 4, 9 және 10-сынып оқушылары жаңартылған мектеп бағдарламасына көшеді.

Жаңартылған бағдарламаға қатысты сұраққа жауап берген Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушылар айтарлықтай өзгерісті сезінбейтінін айтқан еді.

"4-сынып оқушылары жаңартылған бағдарламамен таныс. Өйткені 1-сыныптан бері сол бағдарламамен оқып жатыр. Оқу бағдарламалары бекітілген, балалар әр сыныпқа көшкен сайын жаңа бағдарламаны меңгереді ", - деді білім министрі.

10-сынып оқушылары үшін "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" пәні қосылмақ.

Министрлік бұл пәнді оқыту оқушыларының алдағы уақытта мамандықты дұрыс таңдауына септесетініне сенімді.

12 жылдық орта білім беруге көшу

Білім берудің 12 жылдық жүйесіне көшу аясында 2016 жылдан бастап 1, 2, 3, 5, 6, 7 және 8-сыныптарда орта білім берудің жаңартылған мазмұны енгізілді. Жаңа бағдарлама Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесі негізінде құрастырылды.

Алдағы оқу жылында 4, 9 және 10-сынып оқушылары білім берудің жаңартылған мазмұнына көшеді. 2020-2021 оқу жылында бұл үрдіске 11-сынып та қосылатын болады.

Тағы оқыңыз: Білім министрі биылғы оқу жылына дейінгі басты міндетті атады

2021 жылы жаңартылған білім беру мазмұны толықтай енгізілген соң, кезең-кезеңмен 12 жылдық жүйеге көшу жоспарланған.

Бұл жүйеге көшу үшін бастауыш сыныптарда оқу мерзімі бір жылға ұзартылады (1-5 сыныптар). Негізгі орта және жалпы орта білім беру мерзімі өзгермейді.  

Қазір 12 жылдық орта білім беруге көшу 2020-2025 жылдарға арналған білім беру мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобасына енгізілген. 

Бұл жүйеге 2021-2022 оқу жылдарынан бастап көшу жоспарланып отыр. Бағдарлама бекітілген соң, оқу жоспары мен мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына тиісті өзгеріс енгізіледі.

Тақырып бойынша

Білім министрі оқытушылардың жаппай жұмыстан қуылуына қатысты түсініктеме берді
Биыл мектеп формасының бағасы қандай болады – білім басқармасының жауабы
Жаңа оқу жылы тақап қалды: балаға қандай сөмке әперуге болмайды?
Білім министрлігі Шымкентте есірткі сатқан оқытушыға қатысты мәлімдеме жасады
Бұрынғы білім вице-министрі Суханбердиеваның 3 жасар ұлы қайтыс болды
Кілт сөздер:
жаңашылдық, оқушылар, оқу жылы
Загрузка...

Басты тақырып