Қоғам

Білім министрі биылғы жыл ата-аналар үшін несімен ерекше екенін айтты

© Sputnik / Абзал КалиевБілім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, архивтегі фото
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
1 қыркүйектен бастап 1-10 сыныптардың электронды оқулықтарын көшіріп алуға болады

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. 1 қыркүйектен бастап оқушылар мен ата-аналар білім және ғылым министрлігінің сайтынан электронды оқулықтарды көшіріп ала алады. Бұл туралы ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Биылғы жылдың ерекшелігі 1 қыркүйектен бастап оқушылар мен ата-аналар министрлік сайтынан 1-10 сыныптардың электронды оқулықтарын көшіріп алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл ата-аналар үшін жақсы жаңалық деп санаймыз", - деді Аймағамбетов үкімет отырысында. 

Білім министрлігі оқулықтарды баспалардан мектептерге жеткізу жұмысына мониторинг жүргізіп, қадағалап отыр. Бүгінгі күні оқулықтардың 47%-і жеткізілген.

"1 қыркүйекке дейін әр мектепке барлық оқулық 100% жеткізілуі тиіс. Әкімдіктерден бұл мәселені күнделікті бақылауда ұстауды сұраймын", - деді министр.

1 қыркүйек жексенбіге түсіп тұр: Білім министрлігі мәлімдеме жасады

Аймағамбетовтің айтуынша, жаңа оқу жылында елімізде 3 миллионнан астам бала мектепке барады. Биыл 405 мыңнан аса бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш аттайды деп жоспарланып отыр. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, 20 мыңға көп екен.

"Бірінші сыныпқа қабылдау бойынша жергілікті жерлерде дайындық жұмыстары қолға алынды. Дегенмен Нұр-Сұлтан қаласында, Алматы, Атырау облысында орын тапшылығы болжанып отыр", - деді ведомство басшысы.

Ол биыл мектеп формасына ешқандай өзгеріс енгізілмейтінін қадап айтты.

Сондай-ақ, министрдің сөзіне сенсек, осы жылы 4, 9 және 10 сыныптар жаңа бағдарламаға көшеді. Ал келесі жылы 11 сынып өтеді. 

"Осылайша жаңа бағдарламаларға өту толығымен аяқталады", - деп сендірді Аймағамбетов.

Қанша мектеп жөнделді

Министрдің айтуынша, биыл 6 678 мектепте ағымдағы жөндеу жүргізілген. Ал 323 мектеп күрделі жөндеуден өтті. Бұл қажеттіліктің 45 процентін ғана құрап отыр.

"Күрделі жөндеуге келетін болсақ, жергілікті атқарушы органдар жыл сайын апатты мектептердің өсуін туындататын мектептерді жөндеу жұмысын толығымен қаржыландырмайды. Мектептердің 44%-і 1980 жылға дейін салынғанын ескере отырып, әкімдіктерден күрделі жөндеуге тиісті қаржыландыру амалдарын қарастыруын сұраймын", - деді ол.

10 тамыздағы жағдай бойынша күрделі жөндеу 129 мектепте аяқталды, 194 мектепте әлі жалғасуда.

"7 мектепте күрделі жөндеу жұмысы мерзімінде аяқталмау қаупі әлі де бар. Атап айтқанда Жамбыл облысында 1 мектеп, Қостанай облысында 4, Солтүстік Қазақстан облысында 2 мектеп. Дегенмен, бұл мектептерде оқу процесі тоқтатылмайды. Қажет болған жағдайда жақын орналасқан мектептерге жеткізу қамтамасыз етіледі", - деді министр.

Айтуынша, бұл мәселеге қатысты оқушылардың ата-аналарымен алдын ала түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Жаңалықтар
0