12:24 19 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Ақжарқын Тұрлыбай мен оның адвокаты Сұңқар Нұрмағанбетов

Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі: Министрлік Қытайдан хабар күтіп отырғанын мәлімдеді

© Photo: Аккаунт Сункара Нурмаганбетова в Facebook
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1088 0 0

 Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты барлық материалды зерделеп жатыр, іс екінші инстанцияға жіберілді

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Сыртқы істер министрлігі 2015 жылы Қытайда сотталған қазақ қызы Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

2016 жылы сот шешімі жойылып, іс қайта қарауға жіберілген еді. Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, қазіргі кезде Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты барлық материалды зерделеп жатыр. Аталған іс екінші инстанцияға жолданды.

"Біз аппеляциялық шағым бойынша екінші отырыстың өтетін уақыты туралы Қытайдан хабар күтіп отырмыз. Әзірше ол отырыстың датасы белгісіз. Министрлік және елшілік аталған істі жіті бақылауда ұстап отыр", - дейді Смадияров.

Оның сөзіне қарағанда, қазақстандық дипломаттар Ақжарқынға жиі барып тұрады.

"Олар ата-анасының хаттарын апарып отырады. Оған кітап сатып алып береді. Ақжарқынның жағдайы жақсы. Ешқандай шағым түсірген жоқ", - деп атап көрсетті Смадияров. 

Тағы оқыңыз: Қытайда көз жұмған қыздың әпкесі оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдыры

Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Оған шекарадан 4,5 келі есірткі алып өтпек болды деген айып тағылды. Ол кезде отандасымыз 20 жаста еді. 2015 жылдың маусымында Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сотта Ақжарқын шетелдік досы алдап кеткенін айтып, кінәсін мойындаған жоқ.

Ақжарқын Тұрлыбайдың өмірбаяны

Ақжарқын Тұрлыбай 1994 жылы 21 ақпанда туған. Қыздың отбасы Түркістан облысында тұрады. Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетіне оқуға түскен. Үшінші курстан бастап түнгі клубта даяшы болып жұмыс істеп, табыс таба бастаған. Қытайға құрбысына тауар әкелуге көмектесу үшін барыпты.

Көркем әдебиеттер оқиды

Бұған дейін Sputnik Қазақстан сауалына жауап берген сыртқы істер министрлігі бюдждет есебінен адвокат жалданғанын мәлімдеді.

"Тұрлыбайдың заңды құқықтарын және мүдделерін сотта қорғау мақсатында "Шетелде Қазақстанның мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа Бейжіңнің "Дахэн" адвокаттық компаниясынан білікті заңгер жұмысқа тартылды", - делінген хабарламада.

Түрмеде Ақжарқын Тұрлыбай қасындағы сотталғандарға ағылшын тілін үйретіп жүр. Көркем әдебиеттер оқиды. Дене шынықтырумен айналысады. Қытай тілін жақсы меңгеріп алған.

Тұрлыбайдың ісі ҚХР Гуандун өлкесі Жоғарғы халық сотының қарауында жатыр.

Тақырып бойынша

Қытай түрмесінде отырған қазақ қызының әке-шешесіне жазған хаты жарияланды
Қытай 15 сотталған қазақстандықты еліне қайтарды
Қытайда өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбай немен айналысып жатыр?
Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Малаховтың шоуына қатысты
Қытайда сотталған Ақжарқынның анасы қызына қатысты бар шындықты айтты
Кілт сөздер:
министрлік, Ақжарқын Тұрлыбай
Загрузка...

Басты тақырып