Қоғам

Синоптиктер ескерту жасады: Ертең дауыл тұрып, нөсер жаңбыр, бұршақ жауады

© PhotoЖаңбыр, бұршақ, иллюстративті фото
Жаңбыр, бұршақ, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қазгидромет" мемлекеттік метеорологиялық қызметі бейсенбі күнгі ауа райына болжам жасады

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Бейсенбі, 15 тамыз күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, республиканың солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда түстен кейін күн күркіреп, жаңбыр жауады деп болжанып отыр, күндіз + 21, түнде +15.

Алматыда да синоптиктер нөсер жауын жауады деп болжады, бұршақ жаууы мүмкін, күндіз + 24, түнде +16 болады. Синоптиктер жауын-шашын өзендердегі су деңгейінің жоғарылауына әкеліп, беткейлік ағындыларға себеп болуы мүмкін екенін ескертеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 2К (@little_brothers_almaty)

Шымкентте күн ашық, күндіз +27, түнде +19.

Өңірлердегі ауа райы

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде дауыл тұрып, жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең Ақмола облысында тұман түседі.

Жамбыл облысында дауыл тұрады, таңертең және күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23 м/с жетеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Түркістан облысында кей жерлерде дауыл тұрады, желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді, шаңды дауыл болады.

Павлодар облысында кей жерлерде дауыл тұрып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 25 м/с жетеді, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Қостанай облысында кей жерлерде дауыл тұрады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Қарағанды ​​облысында кей жерлерде дауыл тұрып, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады.

Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман түседі деп болжануда.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы облысында кей жерлерде дауыл тұрып, жел 18-23 м/с-қа күшейеді.

Қызылорда облысында түнде және таңертең кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с күшейеді.

Жаңалықтар
0