06:28 17 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD385.16
  • EUR425.95
  • RUB6.01
Әли Тұрғанбеков пен Андрей Шевченко

Министр жұлдыздармен жүздескен қазақ баласының өмірге құштарлығына тәнті болды  

© официальный сайт ФК "Кайрат"
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
28 0 0

"Қазақстандық Ник Вуйчич" атанып кеткен Әли Тұрғанбеков "Ливерпуль" футбол клубының атақты ойыншысы Мохаммед Салахпен кездескен болатын

НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз — Sputnik. ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова екі аяқсыз дүниеге келген жас қазақстандық Әли Тұрғанбековтың өмірге деген құлшысына тәнті екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр мүмкіндігі шектеулі адамдар көмек сұраса, оларға көмектесуге аянбайтынын атап өтті.  

"Менің ойымша, Қазақстан тұрғындары Әлиге қарап, оның қайсарлығына, өмірге деген құштарлығын көріп, тәнті болатын шығар. Мен Әлимен жеке кездескен жоқпын. Бірақ жоспарымда бар", - деді Ақтоты Райымқұлова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Осы орайда ол Әли Тұрғанбековпен орайы келсе, кездесуге дайын екенін жеткізді.

Тағы оқыңыз: Қазақстандық "Ник Вуйчич" Марадонамен футбол ойнады

"Ол елге келген соң, екеуміз міндетті түрде кездесеміз деген үміттемін. Менің ойымша, кішкентай Әли өмірге деген құштарлық пен қайсарлықтың символына айналған Ник Вуйчич сияқты елші болуы мүмкін. Қазірдің өзінде ол біздің қазақстандықтардың әлемдегі елшісі болып жүр. Сондықтан өкілетті орган ретінде біз оған қолдау көрсетеміз", - дейді министр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ali Turganbekov (@ali_amir_happy)

Айта кетейік, "қазақстандық Ник Вуйчич" атанып кеткен Әли Тұрғанбеков Ыстанбұлда УЕФА-ның Суперкубогы үшін ойнаған англиялық "Ливерпуль" және "Челси" матчын тамашалап, атақты футболшылармен кездескен болатын. Тартысты өткен ойында "Ливерпуль" командасы жеңіске жетті.

Бұған дейін Әли Тұрғанбеков көптеген футбол жұлдызымен, соның ішінде Диего Марадона, Лионель Месси, Андрей Шевченко, Неймар және басқалармен кездескен.

Кілт сөздер:
Әли Тұрғанбеков, Ақтоты Райымқұлова, футбол
Загрузка...

Басты тақырып