Қоғам

Биылғы Тамыз конференциясы ерекше өтпек: Тоқаев та қатысады  

© Sputnik / Абзал КалиевҚазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2019 жылы Тамыз конференциясына қатысу үшін еліміздің түкпір- түкпірінен астанаға екі мыңнан астам мұғалім келді

НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев педагогика қызметкерлерінің тамыз конференциясының пленарлық отырысына қатысады.

Қазақстандағы педагогика қызметкерлерінің жыл сайынғы тамыз конференциясына екі мыңнан астам мұғалім жиналды. Олар білім және ғылым саласындағы өзекті сұрақтарға жауап алғысы келеді.

Конференция "Білім және ғылым" ұранымен өтеді.

Тоқаев мұғалімдерді бюрократиядан босатуды тапсырды.

Тағы оқыңыз: Білім министрі биылғы жыл ата-аналар үшін несімен ерекше екенін айтты

Биылғы "Тамыз" ерекше, өйткені Тәуелсіздік сарайында педагогтармен кездесуге білім және ғылым министрі ғана емес, мемлекет басшысы да келеді.

Тамыз конференциясы, әдетте, жаңа оқу жылының басталғалы жатқанын білдіреді. Педагогтар білім беруді модернизациялау бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеп, өз идеяларын ортаға салады.

 Шілде айында Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында "Педагогтың мәртебесі туралы" заң жобасын жасауды жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды. Ол заң жобасының пайдасын мұғалімдер сезінуі керек деп мәлімдеді.

Президент сондай-ақ үш ауысыммен оқытуды жоюды, жаңа мектептер салуды және үш тілде білім беруге бірден емес, біртіндеп көшуді тапсырды.

Жаңалықтар
0