06:26 17 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD385.16
  • EUR425.95
  • RUB6.01
Ақша, архивтегі сурет

Тоқаев мұғалімдердің жалақысын екі есеге өсіруді тапсырды

© Sputnik / Абзал Калиев.
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
4546810

Сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін қосымша ақы екі есеге өсіріліп, еңбек демалысының мерзімі 56 күнге дейін ұлғайтылмақ

НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тамыз конференциясында үкіметке төрт жыл ішінде мұғалімдердің жалақысын екі есеге өсіруді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстан президенті мұғалімдердің айлығы төмен екенін атап өтті.

"Турасын айту керек. Бүгінде мұғалімдердің жалақысы ең төмен деңгейде қалып отыр және экономика бойынша орташа жалақының 65 процентін ғана құрайды", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы ұстаздардың айлығын көтеруді тапсырды.

"Мұнымен, әрине, біз келіспейміз. Сондықтан үкіметке білім саласына білікті мамандарды тарту үшін және мұғалім мәртебесін көтеру үшін жалақыны төрт жыл ішінде екі есеге көбейтуді тапсырамын", - деді ол.

Президенттің айтуынша, "Педагог мәртебесі" туралы заң жобасында ұстаздарды қолдаудың кешенді шаралары қарастырылған. Атап айтқанда, мұғалімдердің жүктемесін азайту, абыройы мен беделін көтеру, материалдық жағдайын жақсарту жоспарланып отыр.

Сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін қосымша ақыны екі есеге өсіру, еңбек демалысының мерзімін 56 күнге дейін ұлғайту, магистр дәрежесі үшін үстемақы төлеу және тағы басқа шаралар көзделген.

Касым-Жомарт Токаев выступает на августовской конференции 2019
© Sputnik / Абзал Калиев.
Нұр-Сұлтанда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен тамыз конференциясы өтіп жатыр

Тақырып бойынша

"Бір орында тұрмай, ілгерілеуіміз керек": Тоқаев мұғалімдерге үндеу жасады
Тоқаев Дариға Назарбаеваның қызметіне қатысты жарлыққа қол қойды
Тоқаев Құрбан айт қарсаңында болған жағдайға қатысты көңіл айтты
Тоқаев үштілділікке қатысты маңызды мәлімдеме жасады
Кілт сөздер:
мұғалімдер, жалақы, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып