15:04 23 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
Білім министрі Асқар Аймағамбетов Тамыз конференциясында

Жаңа білім министрі мектептерге Әліппені қайтаруға уәде берді

© Sputnik / Абзал Калиев.
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
3999 0 0

"Әліппе" Ахмет Байтұрсыновтың қазақ тіліне бейімделген әдістемесі негізінде енгізіледі

НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Қазақстан мектептеріне әліппе қайтарылады. Бұл туралы бүгін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Тағы оқыңыз: Тоқаев үштілділікке қатысты маңызды мәлімдеме жасады

"Ұстаздар болсын, ата-аналар болсын көптен әліппе мәселесін көтеріп жүр. Бұл мәселе өте маңызды. Біз Әліппені қайтару керек деп есептейміз. Ол 2021 жылы, өздеріңізге жақсы таныс, қазақ тіліне бейімделген Ахмет Байұрсыновтың әдістемесі негізінде енгізілетін болады", - деді министр тамыз конференциясында. 

Министр қазір осы бағытта жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Әліппе сынақ өткізетін алаң емес. Бізде нақты қазақ тіліне бейімделген әдістеме бар. Ол Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі. Сондықтан ештеңені ойдан шығармай, осы әдістеме негізінде жұмыс жүргіземіз", -деді ведомство басшысы.

Тақырып бойынша

"Бұл жақсы идея еді": Тоқаев үкіметке шұғыл тапсырма берді
"Бір орында тұрмай, ілгерілеуіміз керек": Тоқаев мұғалімдерге үндеу жасады
Он екі жылдық білімге бірқалыпты көшуді қамтамасыз ету керек - президент
Тоқаев мұғалімдердің жалақысын екі есеге өсіруді тапсырды
1 қыркүйек жексенбіге түсіп тұр: Білім министрлігі мәлімдеме жасады
Кілт сөздер:
Асхат Аймағамбетов, мектеп, әліппе
Загрузка...

Басты тақырып