06:40 17 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD385.16
  • EUR425.95
  • RUB6.01
Адам қолы, архивтегі сурет

Қызылордалық ерекше қабілетінен шошып, ғалымдардан көмек сұрап отыр

CC0 / StockSnap
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
9635 0 0

Магнит адам өзінің қабілетін белгілі ауыр атлет Нижат Рахимовқа көрсетті

НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз — Sputnik. Қызылордалық Нартай Тұрсанов денесінің темір тартатынын айтады. Ол бұл құпияны ашатын ғалымдарды іздестіріп жатыр.

Тұрсанов қолдың көмегінсіз 200 келі ұстап тұра алады, деп жазады "Экспресс-К" газеті. Мұндай ерекше дарынын ер адам бала кезінде байқаған. Алайда ешкімге айтпауды жөн санапты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Нартай Турсанов (@nartaitu)

Орал қаласының тұрғыны Қарлығаш Нығметованың да осындай қабілеті бар екен. Мұны көрген қызылордалық өзінің ерекшелігі туралы жұртқа айтпақ болған. Тұрсанов қазір денесінде темір ұстау бойынша әлем рекордын орнатқан.

"Мен спортшы емеспін. Өзімнің биоэнергиямды адамдарға көмектесу үшін қолданғым келеді. Мүмкіндігімнің шегін білмеймін. Денеммен 250 келі темірді ұстап көргім келеді", - дейді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Нартай Турсанов (@nartaitu)

Ол өзінің қабілетін олимпиада чемпионы Нижат Рахимовқа көрсетті.

Ерекше қабілет иесі ата-бабасының батыр болғанын айтады. Ал әкесі Махамбет Тұрсанов белгілі ақын болған. Ол қой сүйегін саусағымен сындыра алыпты.

Қазір Нартай Тұрсанов өзінің қабілеті туралы толығырақ мәлімет алуды армандайды. Алайда ғалымдар әлі қызығушылық танытқан жоқ дейді ол.

Тақырып бойынша

Шетелдіктер қазақтың қаны мен шашын зерттеп, неге аласұрып жүр?
Магнит адам көлікті орнынан қозғады - видео
Оралдық әйел бойындағы ерекше қасиетін әлемге паш еткісі келеді - фото
Ғалымдар Айдағы "адам бейнесінің" сырын ашты
Кілт сөздер:
ғалым, Қызылорда
Загрузка...

Басты тақырып