Қоғам

Азық-түлік қымбаттап жатыр – министр себебін түсіндірді

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуПокупательница в супермаркете, архивное фото
Покупательница в супермаркете, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары Нұр-Сұлтан, Жезқазған және Талдықорған қалаларында көп қымбаттаған

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының не себепті өсіп жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз барлық жерде пияз, сәбіз, картоп, күріш, ұн бағасының елеулі өскенін байқап отырмыз. Бағаның өсуіне – өндірістің реттелмеуі, тиімсіз делдалдың тым көптігі, азық-түлікті сақтау шартының орындалмауы және тұтынушыға дейін кепілдендірілген жеткізу арналарының жоқтығы себеп", - деді Сұлтанов үкімет отырысында.

Сондай-ақ, министр ішкі нарықтағы бағаға ЕАЭО-ға мүше елдердегі жағдай да әсерін тигізетінін атап өтті.

"Ресей мен Қазақстан бағалары арасында айқын оң корреляция көрінеді. Ресейде бағаның өсуіне байланысты біздің бағаларымыз да, экспорт көлемі де өсуде", - деді ведомство басшысы.

Айтуынша, дизель отыны бағасының өсуі де азық-түлік өнімдерінің қымбаттауына себеп болған.

Ұлттық экономика министрлігінің ақпаратынша, жылдық инфляция 5,4% деңгейінде қалыптасты. Инфляцияның өсуіне азық-түлік тауарлары ең көп әсер еткен.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары Нұр-Сұлтан (15,1%), Жезқазған (11,8%) және Талдықорған (10,4%) қалаларында көп қымбаттаған.

Тағы оқыңыз: "Жаңа тәсілдер керек": Тоқаев Ақордада кеңес өткізді

Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында сәбіз (2,4 есе), пияз (85,5%), картоп (82,4%), күріш (21,6%) және ұн бағасы (20,8%) айтарлықтай өсті.

Республика бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының арасында келесі өнімдерге бағалардың ең көп өсуі байқалады:

  • пияз - 79,0%;
  • сәбіз - 59,3%;
  • картоп – 32,9%;
  • күріш - 23,8%;
  • бірінші сұрыпты ұн - 15,3%.
Жаңалықтар
0