07:08 17 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD385.16
  • EUR425.95
  • RUB6.01
Дүкен, азық-түлік

Үкімет азық-түлік бағасын қазақстандықтардың көмегімен бақылауы мүмкін

© Sputnik /
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
95 0 0

Үкімет басшысы Асқар Мамин сауда және интеграция министрінің бірыңғай онлайн-платформа құру туралы идеясын қолдады

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қазақстандықтарды азық-түлік бағасын бақылауға тартуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр тауар бағасының өсуіне уақытылы ден қою үшін өзекті ақпараттар жедел алынуы қажет екенін айтты. Бүгінде Статистика комитеті апта сайынғы негізде әр сейсенбі сайын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына қатысты ақпарат жинақтайды. Ресми статистикалық деректер әр бейсенбі күні жарияланып тұрады.

"Дамыған елдерде бағаны мониторингілеуге халық тартылған. Яғни, кез-келген азамат тауардың бағасын суретке түсіріп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының статистикасы жинақталатын арнайы порталға жібере алады. Бұл жүйе арқылы дүкендердегі тауарлардың құнын онлайн режимде бақылауға болады", - деді Сұлтанов үкімет отырысында.

Ол егер үкімет бұл ұсынысты қолдаса, министрлік өзге де құзырлы органдармен бірлесіп, жүйені қысқа мерзімде енгізуге дайын екенін атап өтті.

Үкімет басшысы Асқар Мамин сауда министрінің бастамасын қолдады.

Тағы оқыңыз: Азық-түлік қымбаттап жатыр – министр себебін түсіндірді

"Бағалар бойынша жедел ақпарат алмасу ерекше маңызды екенін ескеріп, сауда және интеграция министрлігінің бірыңғай онлайн-платформасын құру туралы ұсынысын қолдаймын", - деді премьер-министр.

Тақырып бойынша

"Жәрдемақы өскенде, азық-түлік қымбаттай ма?" - сенатор бағаны реттеу мәселесін көтерді
Министрлік азық-түлік бағасын төмендетудің жаңа әдісін ойлап тапты
Кілт сөздер:
баға, азық-түлік, Бақыт Сұлтанов, Асқар Мамин, үкімет басшысы
Загрузка...

Басты тақырып