06:31 17 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD385.16
  • EUR425.95
  • RUB6.01
сабақ беріп жатқан мұғалім

Мұғалімдер бес күндік жұмыс аптасына қашан көшетіні белгілі болды

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
661010

Вице-министр мұғалімдерді мазалап отырған мәселенің қашан шешілетінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз – Sputnik. Қазақстандағы мектептерді бес күндік оқу аптасына көшіру мәселесі жыл соңына дейін шешіледі. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова айтты. деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазір мұғалімдер қауымын мазалап отырған үлкен мәселе – бұл бес күндік жұмыс аптасы. БАҚ беттерінен Асхат Қанатұлының (министр Аймағамбетов – Sputnik) бұған қатысты айтқанын оқыдыңыздар. Әр мектеп педагогтар кеңесінде бұл мәселені талқылап, өздерінің типтік оқу жоспарларына қарай бес күндік оқу аптасына көше алады. Білім және ғылым министрлігі мектептерге осыны ұсынып отыр", - деді вице-министр елордада өткен тамыз конференциясында.

Айтуынша, егер мектеп бес күндік оқу аптасына ауысса, мұғалім сенбі күнді өз қалауына қарай өткізуге құқылы.

"Мұғалімдер ол күнді үйде, балаларының қасында өткізе алады. Бірақ, мектеп әкімшілігі айына бір рет педагогикалық кеңесті шақырып, не болмаса тағы басқа шаралар ұйымдастыруы мүмкін. Сондықтан бес күндік жұмыс аптасына қатысты мәселе биыл түпкілікті шешіледі деген ойдамыз", - деді Жақыпова.

Айта кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен тамыз конференциясында білім министрі Асхат Аймағамбетов мектептерге бес күндік оқу аптасына көшуді ұсынған болатын. Қазір кейбір өңірлерде мұғалімдер аптасына бес күн ғана істейді. Бірақ, сенбі күні де мектепке шақырылатын көрінеді.

Тағы оқыңыз: Мұғалімдердің зейнет жасы төмендей ме - министр жауап берді

Тақырып бойынша

Қазақстанда мұғалімдер 48 жасында зейнетке шығуы мүмкін
Мұғалімдер мен дәрігерлерге пәтер алуға миллион теңгеден көмек беріледі
Президент қатысқан салтанатты жиында оқушылар мен мұғалімдер естен танып құлады
"Аузыңды жап!" Алматыда қорлық көрген мұғалімдер шу шығарды
Депутат мұғалімдер туралы заң жобасының парламентке түспегенін айтып қапаланды
Кілт сөздер:
мұғалімдер
Загрузка...

Басты тақырып