13:40 13 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.63
  • EUR427.98
  • RUB6.08
Мұхтар Жәкішев

Мұхтар Жәкішевтің ісіне қатысты шағымды қарау тағы да кейінге қалды

© AP Photo / STR
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
179 0 0

Бұған дейін Жәкішевті шарты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті сот қанағаттандырмаған еді

НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз — Sputnik. "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевті шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы сот шешіміне түсірілген шағым 27 тамызда қаралмайды, деп хабарлады адвокат Нұрлан Бейсекеев.

"2019 жылдың 10 қыркүйегінде сағат 16.00-де қаралатын болды. Маған SMS арқылы хабарлады, неге кейінге қалдырғанын айтқан жоқ", - деді Бейсекеев Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Еске сала кетсек, Жәкішевтің шарты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін сот 24 шілдеде қарап, бірақ қанағаттандырмаған еді. Ал осы сот шешіміне түсіріген шағым Өскемендегі Шығыс Қазақстан облыстық сотында 22 тамызда қаралуы тиіс болатын, кейін 27 тамызға шегерілді.

Мұхтар Жәкішевтің ісі

Мұхтар Жәкішев 2009 жылдың мамыр айында ірі уран кен орындарында мемлекеттік үлесті сатты деген айыппен ұсталды. Сот процесі жабық режимде өтті. Сот отырысы кезінде сотталушының денсаулығы сыр беруіне байланысты талай рет жедел жәрдем шақырылған. 2010 жылдың наурыз айында Жәкішев ысырап жасап, пара алғаны үшін айыпты деп танылып, 14 жылға бас бостандығынын айырлды.

Өткен жылы түрмедегі мерзімнің жартысынан көбі өтті. Осыған байланысты Жәкішев шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға өтініш білдірді. Алайда Семей қаласының соты аталған өтінішті қолдаған жоқ.

Тағы оқыңыз: Терезе сүртіп, еден жуады: "сыра королінің" түрмедегі өмірі қандай - видео

Былтыр шілде айында Жәкішевті Семейдегі ОВ-156/14 колониясына ауыстырды. Бұған дейін ол Алматы облысындағы Заречный ауылында және Қарағанды облысындағы Долинка елді мекеніндегі түрмеде отырды.

Адвокат Нұрлан Бейсекеевтің айтуынша, түрмеде отырған Жәкішевтің денсаулығы нашарлап кетті. Ол бірнеше ауруға душар болған. Бірақ әлі күнге дейін толыққанды медициналық тексерістен өтпепті. Бүгінде ол біраз дәрі ішіп, емделуге мәжбүр. III топтағы мүгедек туралы анықтамасы бар.

Тақырып бойынша

Бишімбаев пен Ермегияев бостандыққа шығуы мүмкін бе?
"Жұмысқа зауқы жоқ": бұрынғы министр Бишімбаев жазасын қалай өтеп жатыр - видео
Қазақстанда сотталған дөкейлер жазасын қайда өтеп жатыр?
Кілт сөздер:
Мұхтар Жәкішев
Загрузка...

Басты тақырып