06:25 17 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD385.16
  • EUR425.95
  • RUB6.01
Нұрсұлтан Назарбаев

Назарбаев кімдерге зор құрметпен қарайтынын айтты

© Sputnik / Абзал Калиев.
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
316001

Нұрсұлтан Назарбаев көмір өндірісінің индустрияны дамытудағы маңызын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз — Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеншілерді кәсіби мерекеме құттықтады.

Құттықтау Елбасының ресми сайтында жарияланды.

"Құрметті көмір өндіру саласының еңбеккерлері мен ардагерлері! Сіздерді Шахтер күнімен құттықтаймын. Мен кеншілерге әрдайым зор құрметпен қараймын, өйткені шахтер еңбегінің бейнеті маған жақсы таныс. Бұл мамандық қашанда темірдей төзім мен жауапкершілікті, жанқиярлық пен қайсарлықты талап етеді. Сондықтан да сіздер қажырлы еңбектеріңіз арқылы қоғамда шынайы құрметке бөленіп келесіздер", - делінген құттықтауда.

Назарбаев көмір өндірісі біздің индустриямыздың берік негізі екенін нық сеніммен айтуға болатынын атап өткен.

"Бұл саланың еңбеккерлері оны дамытуға қосқан қомақты үлестерін, өз жұмыстарының нәтижесін орынды мақтаныш ете алады. Алдағы уақытта да отандық экономиканың тиімді өркендеуіне және елдің энергетикалық әлеуетінің нығаюына атсалыса  бересіздер деп кәміл сенемін", - дейді ол.

Назарбаев кеншілерге мықты денсаулық, табыс пен игілік, отбасыларына бақ-береке тіледі.

Тақырып бойынша

Нұрсұлтан Назарбаев қандай нөмірлі көлікпен жүреді
Назарбаев президент Тоқаевтың жұмысына қатысты пікір білдірді
Назарбаев еліне жаны ашитын қазақстандықтарға үндеу жасады
Назарбаев "өзі түк бітірмей, тек талап ететін" зиялы қауымды сынап тастады
Назарбаев Шымкенттегі жұртты шулатқан оқиға жайлы: Бір нәрседен қорқамыз ба?
"Бұл тақырыпты жабайық": Назарбаев елді дүрліктіріп жүрген мәселеге нүкте қойды
Кілт сөздер:
Назарбаев
Загрузка...

Басты тақырып