10:31 17 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD385.16
  • EUR425.95
  • RUB6.01
Таразы, архивтегі сурет

Ешбір диетасыз арықтаудың ең оңай жолы анықталды

CC0 / TeroVesalainen
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2436 0 0

Ұлыбританиялық диетолог мінсіз мүсінге қол жеткізудің қарапайым қағидасын түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз -  Sputnik. Артық салмақтан арылғыңыз келсе, сүйікті тағамдарыңыздың мөлшерін азайтыңыз. Бұл туралы диетолог Грейми Томильсонның кеңесіне сүйене отырып The Sun басылымы жазады.

Томильсонның айтуынша, кей тағамдардың порциясы көзге аз болып көрінуі мүмкін, алайда олардың калориясы ағзаға қажетті мөлшерден үш есе асып түседі. Мысал ретінде ол пепперони шұжығы қосылған пиццаның құнарлылығы туралы айтты: орташа көлемдегі мұндай пиццаның құрамында 678 калория бар, ал дәл осындай үлкен пиццада — 1923.

"Диетаға отырғанша, құнарлылығы жоғары тағамдар мен сусындардың мөлшерін азайтқан жөн. Көп жағдайда солардың кесірінен адам артық салмақ жинайды", - деп түсіндірді сарапшы.

Бұған дейін диетологтар бір ай ішінде артық салмақтан арылудың әдісін айтқан болатын. Мамандардың пікірінше, ол үшін жылдам көмірсулардан бас тартқан жөн. Яғни, рационнан тәтті және ұн тағамдарын, ақ күріш, ұнтақ жарма, банан, жүзім, шарап, картоп және газдалған сусындарды алып тастау керек.

Тағы оқыңыз: Денедегі артық май қайдан пайда болады - ғалымдар басты себепті атады

Бұдан бөлек, диетологтар теңіз өнімдерін, қарақұмық, сұлы және ас көкті көп жеуге кеңес береді. Мінсіз мүсінге ие болу үшін тұзды да аз пайдаланған дұрыс, тіпті бір ай бойы мүлдем бас тартуға да болады. Сонда ағзадағы сұйықтық жылдам әрі жеңіл шығып кетеді.

Соныман қатар кардио жаттығулар көздеген мақсатқа тез жетуге септігін тигізеді.

Тақырып бойынша

Диетолог қарындағы майды кетіретін 6 тағамды атады
Отыз жастан кейін жеуге болмайтын 10 азық-түлік
Ғалымдар барлық диетаға ортақ қателікті тапты
Таңғы ас ішпейтіндерге қандай қауіп төніп тұр - ғалымдар ескерту жасады
Жеуге болмайды – ғалымдар миды зақымдайтын тағамды атады
Кілт сөздер:
арықтау, диета
Загрузка...

Басты тақырып