02:08 22 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
cүт, архивтегі сурет

Ғалым сарысудың адам денсаулығына қандай пайдасы бар екенін айтты

РИА Новости
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
337601

Оның айтуынша, сарысудың құрамында адам ағзасына пайдалы дәрумендер өте көп

НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik, Дәурен Ерболат. Нұр-Мүбарак университетінің доценті, этнограф Досымбек Қатранұлы сарысудың денсаулыққа қандай пайдасы бар екенін, қазақ тұрмысында оның тағы басқа қандай мақсатта пайдаланғанын Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.

Досымбек Қатранұлының айтуынша, сарысу – сүттен ірімшікті ажыратып, бөліп алғаннан кейін қалатын қалдық өнім. Оның құрамында холин, биотин, В тобының, А, Е, С дәрумендері және кальций, магний кездеседі.

Сонымен қатар сарысу лактозадан тұрады. Ол артық майдың жиналуына жол бермейді әрі асқазан-ішек жолдарының жұмысын реттеуге септігін тигізеді.

"Қант глюкоза және лактоза деп бөлінеді. Адам денсаулығына ең пайдалысы сүттен алынған – лактоза. Ол ананың сүтінде және ешкінің сүтінде көп болады. Сонымен қатар сарысуда да бар. Оның құрамында адам организміне шипасын тигізетін витаминдер өте көп. Сарысу адам организмін тазалайды. Сондай-ақ ішті өткізетін қасиеті де бар", - дейді ғалым.

Этнограф сарысудың басқа да мақсаттарға пайдаланылатынын атап өтті.

"Шаш түсіп тоқтамаған кезде сарысу жағатын болған. Нәтижесінде шаштың түсуі тоқтап, оған өң кірген. Сондай-ақ сарысуды малдың терісін жұмсартуға,  тері илеуге қолданған. Мұны экспедицияға шығып, халықтан жинаған мәліметтердің және тарихи деректердің негізінде айтып отырмын", - дейді Досымбек Қатранұлы.

Сондай-ақ ғалым ірімшіктің сарысуынан сірненің қалай алынатынын түсіндірді. Оның пікірінше, бұл сүт өнімінің адам организміне пайдасы зор.

Тағы оқыңыз: Дәрігер адам үшін аса қауіпті сусынды атады

"Ірімшікті жасаған кезде сарысу алынады ғой. Сарысуды сүзіп алады. Оны қазанға құйып көп қайнатады, әрі ондағы су буланады. Осы сәтте сарысу қоймалжыңдана бастайды. Кейін оны қазаннан түсіріп, қолмен алақанға алып сығады әрі кептіреді. Мұны "сірне" немесе "сүт сірне" деп атайды. Ол "ирис" кәмпитіне ұқсайды. Сондай-ақ бұл сүт өнімің адам ағзасына пайдасы зор. Оның құрамында лактоза көп болады", - деп түйіндеді сөзін этнограф.

Тақырып бойынша

Ғалымдар жас көріну үшін не жеу керек екенін айтты
Ғалымдар қандай әйелдердің ең бақытты екенін айтты
У ішкенмен бірдей: ғалымдар ерте өлімге әкеп соғатын азық-түлікті атады
Ғалымдар ер адамның күш-қуатын арттыратын азық-түлікті атады
Жеуге болмайды – ғалымдар миды зақымдайтын тағамды атады
Жұмыртқаны көп жесе, не болады – ғалымдар түсіндірді
Ғалымдар жүректің кенеттен тоқтап қалуына әкеп соғатын 8 белгіні атады
Загрузка...

Басты тақырып