14:58 12 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.70
  • EUR428.70
  • RUB6.08
Сиыр, архивтегі сурет

"Өйтпесек болмайды, ағайын": Сапарбаев екі сиырға қатысты сұраққа жауап берді

© Sputnik / Рамиль Ситдиков
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2423102

Вице-премьер он екі мүшесі сау адамдарды еңбек етуге шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев екі сиыр түгілі біреуімен де күн көруге болады деп санайды. Тек ол үшін жұмыс істеу керек. Бұл туралы ол елордада "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығының ашылу салтанатында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Екі сиыр төңірегіндегі әңгіме Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысынан кейін туындаған еді. Сол жолы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетке алақан жаятындарды сынаған болатын. Елбасы көмек сұрай беретіндерге "екі сиыр сатып ал да, өзіңді асыра" деп кеңес берді.

Бүгін астанада "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығының ашылуында журналистер Бердібек Сапарбаевтан осыған қатысты пікірін сұрады.  

"Еңбек етсеңіз, күн көруге болады. Бәріміз де, негізінен, ауылдан шықтық қой. Бір сиырмен де, екі сиырмен де күн көруге болады. Бірақ ол үшін сиырға да жағдай жасау керек", - деді вице-премьер.

Ол әңгіме екі сиыр да емес, халықтың жұмыс істеуінде екенін айтты.  

"Ешкім ешкімге жем-шөпті әкеп бермейді. Құдайға шүкір, біздің жеріміз де, шөбіміз де, суымыз да жеткілікті. Тек әрекет жасау керек. Ол сиырға жем-суын дер кезінде берсең, ең кем дегенде 7-8 литр сүт береді. Сол сүттің 2-3 литрі өзіңнің қажетіңе кетсе, қалғанынан май да, құрт та, қатық та, қаймақ та шығады. Әңгіме екі сиырда емес. Әңгіме халықтың жұмыс істеуінде. Өйтпесек болмайды, ағайындар!", - деді Сапарбаев.

Тағы оқыңыз: Назарбаев көмек сұрайтындарға жауап берді

Осы орайда үкімет басшысының орынбасары он екі мүшесі сау адамдарды жұмыс істеуге шақырды.

"Әсіресе балаларымызды еңбекке баулуымыз керек. Әсіресе, ауыл балаларын", - деді ол.

"Жанұя" орталығы қандай көмек көрсетеді

Айта кетсек, бүгін Нұр-Сұлтанда  "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы ашылды. Салтанатты жиынға премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев мен қала әкімі Алтай Көлгінов қатысты.

Аким Нур-Султана Алтай Кульгинов и заместитель премьер-министра Бердыбек Сапарбаев в Центре семьи Жануя
© Sputnik / Владислав Воднев
Бердібек Сапарбаев пен Алтай Көлгінов "Жанұя" орталығының ашылу салтанатында журналистердің сұрақтарына жауап беріп жатыр

"Жанұя" орталығында отбасыларға заңгерлік, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Орталықта 12 мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор жұмыс істейді. Олар 70-тен астам қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, атаулы әлеуметтік көмек алу, кәсіптік оқудан өту, жұмысқа орналастыру, жаппай оқыту бағдарламасына қатысу, балабақшаға кезекке тұру, қамқоршылық орнату, жәрдемақы алу және тағы басқа мәселелер бойынша.

Тағы оқыңыз: Депутаттар кімге 1 миллион теңгеден берілетінін анықтады

Сондай-ақ, мекемеде аналарға арналған "Кәсіпкер ана" атты орталығы да ашылған.

Бұдан бөлек, орталықта қала әкімінің ашық қоғамдық қабылдауы жұмыс істейді. Аудан әкімдері, басқармалар мен басқа да ұйымдардың басшылары да бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды қабылдайды.

Орталық дүйсенбі мен жұма аралығында, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.

Кілт сөздер:
жұмыс, Бердібек Сапарбаев, сиыр, атаулы әлеуметтік көмек, көпбалалы отбасы
Загрузка...

Басты тақырып